Атыраулық дәрігер сүт безінің қатерлі ісігін уақытында қалай анықтауға болатынын айтты

Атырау онкологиялық диспансерінің маммолог-дәрігері Азамат Айтуар брифинг барысында сүт безі қатерлі ісігін ерте қалай анықтау керектігі туралы айтып берді,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Спикердің айтуынша, аурудың бірқатар белгілері бар, оларды анықтаған кезде мәселенің бар-жоғын анықтау үшін мамандарға жүгіну керек.

- Кеуде қуысының тығыздалуы, оның мөлшері мен пішінінің өзгеруі сүт безі қатерлі ісігінің негізгі белгілері болып табылады. Мұндай жағдайда сіз дереу дәрігермен кеңесуіңіз керек. Әр адам денсаулығын мұқият қадағалап отыруы керек. Денедегі кез – келген өзгеріс дәрігерге баруға себеп болады. Жалпы, 40 жастан кейін әйелдер екі жылда бір рет скринингтен өтуі керек. Бұған мемлекет тарапынан қаражат бөлінуде, - деді Азамат Айтуар.

Атырау облысында сүт безі қатерлі ісігі бойынша 81 науқас есепте тұр. Оның 15-і биыл анықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521