Атыраулық дәрігерлер өкпесінің 96% қабынған науқасты емдеді

Бүгін, 10 тамызда модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 58 күн бойы ем қабылдаған Алтын Төлегенова шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Индербор кентінің 59 жастағы тұрғыны маусым айының басында аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жағдайы нашарлағаннан кейін Алтын Төлегенова Атырау қаласындағы модульдік аурухананың инфекциялық стационарының жансақтау бөліміне ауыстырылды.

- Реанимация бөлімшесіне екі жақты пневмониямен және өкпенің 96% қабынуымен келдім, дәл осы жерде бір ай ӨЖЖ аппараты арқылы тыныстадым. Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында мен осы аурудан аман қалдым. Мені бейінді бөлімшенің палатасына ауыстырды, онда емделуді жалғастырдым, - дейді Алтын Төлегенова.

Бүгін Индер ауданының тұрғыны өкпесінің 12% қабынуымен үйге шығарылды. Үш ай бойы Алтын тұрғылықты жері бойынша тіркелген дәрігерлердің бақылауында болады, сондай-ақ ковидтен кейінгі оңалтудан өтеді.

- Мен 10 күн бойы оттегі концентраторының көмегімен дем аламын, содан кейін дәрігерлердің бақылауымен өкпенің жұмысын қалпына келтіремін. Осы жерде емделу кезінде дәрігерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, ал тұрғындардан туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін медициналық маска тағып, адамдар көп жиналатын орындарға бармауыңызды сұраймын, - деді Алтын Төлегенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521