Атыраулықтарға 58-ден астам жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

2020 жылдың 10 айында Атырау облысының тұрғындарына 196,154 млн. теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 58 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді. Олардың басым бөлігін жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары және гинекологиялық аурулары бар науқастар алды.

Емделген жағдайдың орташа құны - 3,3 млн теңге. «Егер адам ауырып қалса, оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен емдеу қажет, онда тұратын жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады, басты шарт – МӘМС сақтандырылу мәртебесі. Егер пациентке қажетті рәсім жергілікті деңгейде қол жетімді болмаса, оны облыстық немесе республикалық клиникаға жібереді. Хирургия қажет пе, жоқ па деген қорытындыны ЖТМҚ осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері шығарады. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда пациентті жоспарлы ем алуға дайындайды. Бұл үшін қажетті талдауларды жинауды және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қоюды емхана жүргізеді» деп түсіндірді Атырау облысы бойынша филиал директоры С.Құралбек.

Бұл алгоритм қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Айта кету керек, әрбір пациент ЖТМҚ алғысы келетін ұйымды таңдауға құқылы.

«Атырау облыстық кардиологиялық орталығында» 2020 жылдың қаңтарынан бастап 46 жоғары технологиялық медициналық оталар жасалды. 1957 жылы туылған науқас Алибаев М.А. кардиологиялық орталыққа 2020 жылдың 23 қарашасы күні сағ 11:00 де «Ишимиялық кардиомиопатия» диагнозымен түсті. «сағ 00:51 бүтіндей жүйеде (CRT - D) бивентрикулярлық дефибриляторының имплантациясы отасы жасалды». Отадан кейін науқас жай-күйінің динамикасы бойынша өзін-өзі жақсы сезіне бастады. Физикалық жүктемелерге төзімділігі арта түсті. Өздігінен жүріп тұруға қабілеті жоғарлады. Бүгінгі күні науқас қанағаттанарлық күйде мекен-жайы бойынша кардиологтың әрмен қарайғы ұсынымдарын алып тұрумен үйіне шығарылды.

«Кардиологиялық орталық дәрігерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында ғана өзімді жақсы сезінемін. Мен оларға ризашылығымды білдіргім келеді. Сақтандыру жүйесінің арқасында мен қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметті тегін алдым» деді науқас Алибаев М.А.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Сурет: ашық дерекөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT