Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы қандай?

 

Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің 9 бабы 4 тармағына сәйкес  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асыру жатады.

Облыстағы атмосфералық ауаға санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг ҚР ДСМ СЭБК  «Ұлттық сараптама  орталығы»  ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалымен департаменттің жылдық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ай сайын орнатылған.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген 2024 жылға арналған «Атырау қаласының аумағындағы атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу» бойынша мобильді топ кестесіне сәйкес ҚР ДСМ СЭБК  «Ұлттық сараптама  орталығы»  ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының және Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп түнгі уақытта атмосфералық ауа сынамасын алу жүргізілуде.

Атмосфералық ауаға мониторинг Атырау қаласының селитебті аймағында 76 нүктеде, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 35, Мақат, Индер, Исатай аудандарында 6 нүктеде ұйымдастырылған. 

2025 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша санитарлық-гигиеналық  зертханамен селитебті аймақтан 24 ингредиентке 8541сынама алынып тексерілді, оның ішінде Атырау қаласынан 19 сынамасында (0,2%) зиянды заттектердің мөлшері жоғары екені анықталды: қорғасын көрсеткіші - 3,күкірт-1,  фармальдегид - 6,  марганец - 3, күйе - 3, көмірсутек  С6- С10 – 3,сынамаға шектеулі рұқсат етілген концентрациясынан (ШРЕК) жоғары болды, нәтижелері басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жолданып отыр.

 

 

А.  Искакова 

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT