Ауданға сегіз дәрігер келді

Өткен алты айдың есебі бойынша ауданымыздағы денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарды тыңдау барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген осы тоғыз ай қорытындасында жыл басында айтқан «сегіз ай уақыт берсе, сегіз дәрігер әкелем» деген уәдесіне тұрды.

Айтқандай, ауданға үш терапевт-дәрігер, бір акушер-гинеколог, бір статист дәрігер, бір бала дәрігері және екі жалпы тәжірибе дәрігері келіп, бүгінде аудандық ауруханамен қатар, мамандықтарына қарай ауылдық округтерге бөлініп, еңбек жолдарын бастаған. Барлық мамандарды тұрғын-үймен қамту жұмыстары біртіндеп жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Келген сегіз маманның алтауы Түркістан облысынан келген жас маман да, екеуі жергілікті дәрігерлер. Бас дәрігердің айтуынша, ауданда ендігі кезекте тағы бір акушер-гинеколог, екі жалпы тәжірибелік дәрігер және анестизиолог-реаниматор маманға қажеттілік туып отыр. Оқу орнын бітіре сала осында қызметін бастаған акушер-гинеколог маман күні бүгінге дейін 25 жүкті әйелді босандырып, сәбилерін дін аман өмірге әкелуге себепші болған.

«Бір дәрігеріміз Жанбай ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияда жалпы тәжірибе дәрігері болса, бірі - шалғай жерде орналасқан Исатай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда қызмет етіп жүр. Қазіргі кезде аудан өзіне қажетті барлық дәрігер-мамандармен қамтылды деп айта алмаймыз, дегенмен, аудан халқын барлығы 35 дәрігермен бірге орта буынды медицина қызметкерлері түгелдей дерлік қамтып отыр. УЗИ маманы да Ақтөбеден оқып, біліктілігін арттырып келді. Бір қиыны жүктілік жағдайындағы әйелдерді түсіре алмай отырмыз, алда ол мамандыққа да бір дәрігерді оқыту жоспарда тұр», – дейді ауданның бас дәрігері Б.Төлеген бізбен әңгімесінде.

Сонымен қатар, алдағы уақытта бір терапевт-дәрігерді анестизиолог-реаниматор мамандығы бойынша оқыту көзделген.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521