Ауданымызда тұрғындар арасында кенеге шағылу жағдайлары тіркелуде

фото: интернеттен

Міне, күн жылына салысымен табиғат жандана бастағанда  адам өміріне қауіпті кішкентай өрмекші тектес кенелерге де жан біте бастайды. Кенелер көптеген аурулардың таратушысы, сондықтан шағып алған жағдайда тез арада алғашқы көмекке дәрігерге жүгінуіміз керек. Ауданымызда  2020 жылдан бері  осы жылға дейін  кене шағумен ауру жағдайлары  тіркелмеген болатын. Алайда, осы жылдың мамыр, маусым айларында  Нарын,  Исатай ауылдық округтерінде тұрғындар арасында кенеге шағылумен  2 жағдай (оның ішінде, 1-уі ересек зейнеткер адам,  1-уі 14 жасқа дейінгі бала,) тіркеліп, науқастар дереу жергілікті дәрігерге жүгініп, медициналық көмек көрсетілді.  


Кенелер – нағыз паразит жәндіктер. Ол, адамға бөртпе  сүзек, кене энцефалиті, туляремия аурулардың  қоздырғыштарын таратады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) –бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соқтырады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы ол - кенелер. Kенелер басым көпшілігінде далалық жерде ауылшаруашылық малдар арқылы үй ауласына кіреді. Кенелер үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келуі мүмкін. Олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кеш байқауы мүмкін. 
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері: Аурудың алғашқы белгілерінде  науқастың дене қызуының кенеттен 39-40С дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іштің  ауруы өтуімен басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінде, денеде бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. 

Кене несімен қауіпті? Кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндік адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады. Ол адамды шаққан кезде, сілекейі мен бірге қанға жұқпалы вирустар енеді. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Соның салдарынан адам кенелік энцефалит және Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтыруы мүмкін. Міне, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы дегеніміз осы. Бұл майда паразиттер көктемнің алғашқы сәулесімен тіріліп, белсенділігі арта бастайды. Олардың ең белсенді уақыты сәуір, мамыр айлары. Жалпы кененің шағуы аса қауіпті емес, олардың ішінде ең қауіптісі – энцефалит. Бұл аурулар жүйке жүйесін зақымдап, тіпті адамды мүгедектікке апарады.  

Кене шаққан жағдайда немесе кенеден қалай  қорғану  керек?  Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет. Үй жағдайында пинцет көмегімен кенені тартып, қауіпті жәндікті теріден алған соң, оның орнын йод пен немесе спиртпен зарарсыздандырады. 
Қауіпті жәндіктер шөптің, бұтақ  ағаштардың арасында болатындықтан,  әрбір адам  көктем-жаз айларында табиғат аясына шыққанда кене шағудан сақтанудың  ережелерін білуі қажет: Ол үшін, 
табиғат аясына демалуға шыққанда жабық аяқ киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы шалбардың ішіне салыңыз. Бас киім киюді де ұмытпаңыз.
тікелей шөпке отырмау және жатпау керек;
табиғат аясынан оралғаннан кейін киімді және денені толықтай қарап шығыңыз;
Кене адам терісіне жабысқан соң, жарты сағаттай шағатын жерді іздейді. Кене көбіне бас, мойын, қолтық, тізенің астын шағады екен. Сонымен қатар қауіпті жәндіктерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдалану. 
Сонымен қатар елді мекен аймағын, үй ауласын, мал қоралардағы күл-қоқыс, қи-көңнен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз. 
Егерде сізді кене шаққан жағдайда тез арада тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу  мекемесіне қаралып, 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынады. Бұл медициналық бақылау Конго-Қырым қанды қызбасымен науқастарды ерте анықтау және  жұқпаның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы арнайы вакцина жоқ.  Сондықтан Конго-Қырым қанды қызбасының алдын алу шаралары адамның кенемен байланысын болдырмау болып табылады.

Исатай аудандық СЭББ басшысының у.м.а Г.Б.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT