Ауылға барған дәрігерге 1 миллион теңге берілді

«Облысымыздағы ауылдық округтерде жұмыс істеуге кеткен жас медицина қызметкерлеріне 1 млн. теңгеден жәрдемақы берілді» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева мәлімдеді.

- Ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Айта кету керек, жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 30 медицина қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, - дейді Мәншүк Аймурзиева.

Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында осы сала қызметкерлерінің жалақысы өсірілген болатын. Атап айтсақ, медицина қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, ал қалғандарынікі 11%-ға өсті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд. 729 млн. теңге қаражат бөлінді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика