Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 баллдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см –ден артық ; лайлылығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі  7-100 ммоль болуы керек. 

Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар оның эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек.
Ауыз судың сапасы тарату желісіне түсер алдында, сондай-ақ сыртқы және ішкі су құбыры желілерінің су бөлу нүктелерінде гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы керек.

Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы оның:

- табиғи суларда жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ дүние жүзінде кең таралған антропогендік текті заттардың жалпылама көрсеткіштері мен құрамы;
- сумен жабдықтау жүйесінде өңдеу процесінде суда түсетін және түзілетін зиянды химиялық заттардың болуына;
- адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде сумен жабдықтау көздеріне түсетін зиянды химиялық заттардың мөлшері.

Ауыз судың эпидемиялық қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтерге сәйкестігімен анықталады. Судың қолайлы органолептикалық қасиеттері оның нормативтерге, сондай-ақ судың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін заттар құрамының нормативтеріне сәйкестігімен анықталады.

Су арқылы таралатын жұқпалы аурулар бүкіл әлемде таралуы мүмкін. Сумен таралатын жұқпалы ауруларға  А,В паратифтер , дезинтерия, түрлі энтериттер, энтреоколиттер, жұқпалы  гепатит А, тырысқақ жатады. Ұйымдастырылмаған суды тұтыну, жеткіліксіз су, қоршаған ортадағы объектілерде жұқпалы аурудың таралуы мен өмір сүруіне ыңғайлы жағдай, су тазартқыш құрылыстарындағы, су құбырындағы техникалық бұзушылықтар, қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтамау жұқпалы аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуда жалпы мемлекеттік санитарлық- гигиеналық шаралар маңызды роль атқарады. 

 

Б.Картмаганбетова
Исатай аудандық СЭББ басшысы   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT