Балалардың жазғы демалысы – бұл келесі оқу жылының айғағы мен жетістіктердің көрсеткіші. Себебі, жыл бойы шаршаған балалар жазғы демалыс кезінде тынығып, күш алады. Сол үшін жазғы демалыс балалардың дамуы мен сауығуы үшін маңызды рөл атқарады. Бұл ретте, ата-аналар балаларын қауіпсіз әрі жақсы демалтуды ойлайды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, ата-аналарға ең бастысы,қызық ойын-сауық бағдарламасынан бөлек,санитариялық қағидалар талаптарына сай келетін ұйымдарға аса назар аударуға кеңес береді.
Жазғы маусымдық балалар лагерьлері (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті. Және де ол туралы ата-ана мағлұмат алуы үшін Комитеттің сайтында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін балаларға арналған сауықтыру ұйымдарының тізімі Комитеттің ресми сайтында орналастырылған.
Балаларды сауықтыру ұйымдарында 5 реттік тамақтандыру көзделеді, ол жерде балалар көкөністермен, жеміс-жилектермен қаптамасыз етіліп, сапалы тамақ өнімдері пайдаланылады.
Тамақ нормативтік құжаттардағы ұсынымдары ескеріле отырып, екі апталық ас мәзіріне сәйкес дайындалады. Ас мәзірінде бір тамақ түрі күнделікті және келесі 2-3 күнде қатар берілмесі үшін ауыстырылып кезектестіріп берілуі көзделеді. Ас мәзіріне газдалған, тәтті алкогольсыз сусындарды, фаст-фудтарды, қытырлақ картоптарды (чипсы), қаймақ, майонез араластырылған салаттарды және санитариялық қағидалармен тыйым салынған басқа да тамақ өнімдерін қосуға рұқсат етілмейді.
Балаларды сауықтыру ұйымдарында ауыз су режимі сақталуы және балалар болғанбарлықуақытыішіндеауызсуғаеркінқолжеткізуі қамтамасыз етілуі тиіс. Объектілер ауыз сумен, оның ішінде нормалау құжаттарының талаптарына жауап беретін ыдыстарға құйылған (оның ішінде графиндер, шәйнектер, бөшкелер) немесе өнеркәсіптік дайындалған қапталған (ыдыстарға құйылған) ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Өнеркәсіптік дайындалған буып-түйілген (ыдысқа құйылған) ауыз су таңбалануы, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, буып-түйілген ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар бар болған кезде объектілерде ауыз су және өндірістік мақсаттар үшін қолданылады.Ыдысқа құйылған (графин) немесе бөтелкеге құйылған ауыз судың иісі болмауы, дәмі жақсы болуы, химиялық құрамы, микробиологиялық және паразитологиялық, радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Төсек жабдықтары 7 күнде 1 рет немесе ластануына байланысты ауыстырылады. Балалар 7 күнде 1 рет моншаға шомылады, баланың қалауы бойынша күнделікті себезгі қабылдауынаболады.
Балаларды сауықтыру ұйымдарына келген барлық балалар тәулік бойы медицина персоналының бақылауында болады. Күнделікті кешкілік кезекші медицина қызметкері балалардың денсаулығы жағдайын тексеріп, лагерьдіаралапшығады.
Балалардың шомылу орындарына қойылатын талаптар санитариялық қағидаларда жазылған. Жағажайдың бастығы, лагерьдің басшысы қойылатын талаптарға жағажайдың сәйкестігін қадағалауы тиіс.
Балалардың шомылуына арналған су қоймаларының тереңдігі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 70 см-ден 130 см-ге дейін болады. Шомылатын аумақ су бетіндегі қалқыма белгі – жақсы көрінетін қалтқы мен белгіленуі тиіс.
Балалар шомылып жүрген аумақта медицина қызметері міндетті түрде болуы тиіс.
А. Искакова
Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары