Денге қызбасы – жіті табиғи – ошақты зооноздық ауру, адамдарға масалардан беріледі. Денге безгегінің эндемиялық ошағының ыстық климаты бар елдерде: Америка және Кариб теңізді елдерінен, Азияда және Америкада тіркелген.
Эпидемиологиялық ошақтарда негізінен басқа аймақтардан келген балалар мен адамдар ауырады.
Денге қызбасының даму себептері:
- Масалардың шағуы (аурудың тасымалдаушысы)
- Ауруды жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуы
Денге қызбасының белгілері:
Науқастардың көпшілігінде аурудың белгілері болмайды немесе жеңіл белгілерімен жүреді. Сирек жағдайда Денге ауруы өлімге әкелуі мүмкін.
- Жөтел;
- Көздің қызаруы;
- Дене қызуының 40С дейін көтерілуі;
- Қатты бас ауруы;
- Бұлшық еттердің, буындардың ауруы;
- Жүрек айну, құсу;
- Ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігердін қабылдауына жазылу қажет.
Алдын алу жолдары:
- Батпақты жерлерге экскурсияға шығудан аулақ болыңыз;
- Теріні мүмкіндігінше жабатын киім киіңіз
- Терезелер мен есіктерді масалардың торларымен жабыңыз
- Жәндіктердің шағуынан қорғайтың құралдардың болуы – масаларға қарсы спрей, кремдер, гельдер.
Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары