ББҚ дәрілік зат болып табылмайды

Биологиялық белсенді қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар. Яғни ББҚ-лар дәрілік зат болып табылмайды.

Биологиялық белсенді қоспалар – дәрі емес, ол ағзаға жетпейтін дәрумендер мен минералдардың орнын толықтыру үшін қолданылады. Оны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. 

Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны немесе құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға жарамайды.

 

ББҚ жарнамалау қағидалары.

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген Биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды жарнамалауда мынадай мәліметтер болуы тиіс: 1) сауда атауы; 2) құрамға енгізілген белсенді компоненттер туралы ақпарат; 3) қолданудың негізгі көрсеткіштері; 4) енгізу тәсілі және дозасы; 5) негізгі жанама әсерлер; 6) негізгі қарсы көрсетілімдер; 7) балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезіндегі арнайы нұсқаулықтар; 8) демалыс шарттары; 9) пайдалану бойынша нақты және түсінікті ұсыныс; 10) өндірушінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауы, мекенжайы; 11) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні.

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау әр жағдайда жарнаманың объектісі дәрілік зат емес екендігі туралы ескертумен бірге жүреді. Биологиялық белсенді қоспалар, олардың зияны және пайдасы туралы әр түрлі пікірлер бар. ББҚ қолдану немесе қолданбау - әркімнің таңдауы. Ең бастысы ББҚ-ны сатып алар алдында: оның Еуразиялық экономикалық комиссияның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органында тіркелгенін тексеріңіз.  

Қазақстанда ББҚ-ның тіркелуін қалай білуге болады?

Егер сіз күнделікті рационда биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға бел  бусаңыз, осы ББҚ Қазақстандағы мемлекеттік тіркелуін тексеруді ұмытпаңыз. Кез келген өнім сияқты ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді/қайта тіркеуді  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркелуін Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде және экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе ақпараттық жүйесінің «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөлімінен табуға болады.

Биологиялық белсенді қоспалардың сатылымына, Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік тіркеу жүргізгеннен кейін, тамақ өнімдерін өндіру обьектісінің есепке алу нөмірлерінің тізіліміне енгізілген өндіру обьектісіне есептік нөмер беру туралы растаудан кейін және олардың жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын келіскеннен кейін ғана жол беріледі. Кеден одағының техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін БАҚ-тың айналымына, яғни сатылымына жол берілмейді. 

Сатылымдағы Биологиялық белсенді қоспалар, қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен бірге жүреді және қорабында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

Биологиялық белсенді қоспаларды дұрыс қабылдау адамның жалпы жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Алайда денсаулыққа зиянды жақтарыда бар. Мәселе барлық Биологиялық белсенді қоспалар үшін клиникалық зерттеулер жүргізілмеуінде. Көптеген компаниялар өндірісті үнемдеуге тырысып, қоспалардың құрамына күмәнді қомпоненттерді қосады. Олардың түрлі дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуі де зерттелмеген. Егер қоспа құрамында улы компоненттер болса, ауыр зардаптар туындауы мүмкін. Сондықтан биолгиялық белсенді қоспаларды дәрігердің кеңесінен кейін ғана қабылдаған жөн. 

Құрметті жеке кәсіпкерлер Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылауды қамтамасыз ету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жайттардың алдын алу мақсатында, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ Биологиялық белсенді қоспаларды сатпауды және жарнамалауды сұрайды!!!

 

 

Исатай аудандық СЭББ басшысының у.м.а Г.Б.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT