"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы қолданыста. Мектептерге қойылатын талаптар осы қағидамен жүргізіледі.
Осы санитариялық қағида білім беру ұйымдарының объектілеріне, оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, тәрбиелеу, тұру және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына қолданылады.
Обьектінің сыртқы талаптарын айтатын болсақ Жалпы мектептер және білім алушылар мен тәрбиеленушілер тұратын объектілердің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес барлық периметрі бойынша қоршау болуы тиіс және ол Қоршау зақымдалмаған болуы керек.
Сонымен қатар аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Мектептің учаскесіне кіру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға баратын жолдар асфальтпен, бетонмен немесе тазалауға қолжетімді басқа да қатты жабынмен жабылады.
Сондай ақ мектептің аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру, балалардың ойнау, жүгіру алаңдары, құм толтырылған секіруге арналған шұңқырлар болуы және жарамды жағдайда болуы тиіс.
Қоқыс жинағыштартар Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған, үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады.
Объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге жол берілмейді. Және Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны объектінің жобалық сыйымдылығынан аспауы тиіс.
Ішкі талаптарға келсек Барлық үй жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс. Едендерінде тақтай немесе паркет төсемі немесе ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға ыңғайлы жылы линолеумдер төсеуге болады. Медициналық кабинеттердің, санитариялық тораптардың, кір жуу, жуыну орындарының қабырғалары жууға, дезинфекциялауға ыңғайлы ылғалға төзімді материалдармен мысалы кафелденген немесе сырланған болуы қажет. Кемінде 1,5 м биіктікке, себезгі бөлмелерінде кемінде 1,8 м биіктікке қапталады. Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден механикалық әсерге төзімді, химия кабинеттері мен зертханаларында – химиялық реагенттерге төзімді материалдан жасалуы қажет. Спорт залының жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналастырылуы керек және торлармен жабылады немесе еденнен биіктігі 2,4 метрден орналастырылады. Терезелерде және жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары міндетті түрде көзделуі тиіс.
Обьектіде Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті және энергия үнемдеуші шамдарды пайдаланады. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақталуы тиім болып келеді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объекті басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
Сонымен қатар Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер яғни Көз көруі нашар тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге және жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылуы қажет.
Обьектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады. Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.
Сонымен қатар Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбаланады және олар жекелеген үй-жайларға (санитариялық торап, медициналық пункт, ас блогының өндірістік үй-жайлары, тамақ ішетін залдар) бекітіледі және олар арнайы бөлінген орындарда сақталуы тиіс. Барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды. Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздар күн сайын дезинфекциялауға жатады. Тазалауды жүргізу үшін дайындаушының қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады. Дезинфекциялау ерітінділерін ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындалады. Дезинфекциялау және жуу құралдары білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталуы тиіс. Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар жүргізілуі керек. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.
Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, есіктері болуы керек, барлық унитаздар, қол жуатын, қол кептіретін құрылғылар бұзылмаған сынбаған жарамды күйде болуы керек, сонымен қатар ұлдарға арналған писсуарлар, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылуы міндетті болып келеді. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы технологиялық жабдыққа араластырғыш орнатыла отырып, жүргізіледі. медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су өткізілген раквиналармен, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.
Сонымен қатар обьектіде ауыз су режимі ұйымдастырылуы қажет. Ауыз су білім алушыларға яғни оқушыларға барлық уақытта қол жетімді болуы тиіс. Және мектеп директорының бұйрығымен жауапты адам тағайындалып Оқушылар сабақ уақытының барлығында Суға арналған диспенсерлермен фонтанчиктермен немесе қайнаған сумен қамтамасыз етілуі тиіс және Су ішу үшін таза ыдыс пайдаланылады яғни, шыны ыдыстар немесе бір рет қолданылатын стақандар қолдануға болады.
Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу керек, ал химия кабинетінде су және кәріз жүргізілуі керек. Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланып, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары яғни сертификаттары болуы тиіс, сатып алған уақытта немесе жариялаған уақытта сертификат міндетті түрде талап етілуі қажет.
Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жөнінде айтатын болсақ, Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектіні бөлек тұрған ғимараттарға, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға, сондай-ақ оқу корпустарымен көрші ғимараттарға орналастыруға жол беріледі. Үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталуы тиіс. Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдерді сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді. Тәулік бойы болатын объектілерде Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді шомылдыру төсек-орын жабдықтарын, іш киім мен орамалдарды бір уақытта ауыстыра отырып, кесте бойынша жеті күнде бір реттен сиретпей жүзеге асырылуы қажет. Төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын орынға клеенкалы және мата қаптармен жеткізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялануы керек. Бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы керек. Төсек-орын керек-жарақтары мен төсек-орын жабдықтары таңбаланады, жеке гигиенаға арналған заттар (тіс щеткалары, тарақтар, жөкелер) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткалары, жөкелер жуынатын бөлмелердегі ашық ұяшықтарда сақталады. Кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды. Кір жуатын орын болмаған жағдайда кір жуу басқа кір жуатын орындарда бір орталықтан жүргізіледі.
Сонымен қатар Ас блогы мен жабдықтың құрылысы, күтіп-ұстау, шикізат пен дайын өнімге, тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес көзделеді. Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Және де Білім беру объектілерінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. Медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны медицина қызметкерінің кабинетін және емшара кабинетін қамтиды. Медициналық пунктті жарақтандыруға арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың ең аз тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшада белгіленген. 42 нәрсенің барлығы осы мед.кабинетте болуы тиіс. Және медициналық қандай құжаттамалар жүргізілуі қажеттігі осы қағиданың 11 – қосымшасында көрсетілген.
Сондай ақ Объектіде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі. Өндірістік бақылау адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шара болып табылады, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені жүргізіледі, яғни тамақтардың сынамаларын, жарықтарыңызды, микроклиматқа, суларды міндетті түрде зертханалық зерттеуден өткізу қажет. "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Г.Б.Бисенбай
Исатай аудандық СЭББ басшысының м.у.а