Білім беру объектілерінің ас блогында қандай талаптар сақталуы тиіс

0 Votes

Мектептегі тамақтану жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық ақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы, «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен, білім беру объектілерінде тамақтану нормалары ("брутто" массасында) "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.Осы қағида талаптарын сақтауға, оның ішінде сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру, қызметкерлердің медициналық байқаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық жағдайын қатаң бақылауға алу мектеп директорларының, мектеп асханаларын жалға алушы жеке кәсіпкерлердің міндеті болып табылады. Себебі баланың денсаулығы-бәрінен де маңызды.


Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында тамақтан улану фактілерінің тіркелуін болдырмау үшін қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінен қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын мүлтіксіз орындау талап етіледі, олардың негізгілері:
-мектеп асханасы қызметкерлері, педагогикалық және қызмет көрсетуші персонал жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауға міндетті !
-асхананың үй-жайларын, тамақтанатын залды күнделікті тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу қажет ! Әр тамақтан кейін асхана үстелдерін тазалау керек ! 
-тыйым салынған тамақ өнімдерін санитариялық ережелермен белгіленген өндіруге және сатуға жол берілмейді: 
-қуырылған жұмыртқа; күрделі (төрт компоненттен көп) салаттар және қаймақ пен майонезбен араласқан салаттар; пастерленбеген сүт, сүзбе және термиялық өңдеуден өтпеген қаймақ; суда жүзетін құстардың жұмыртқасы мен еті және т.б. тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзіміне сәйкес келуі керек ! 
-тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады; тез бұзылатын тамақ өнімдерін төмен температуралы тоңазытқыш қондырғыларында және (немесе) тоңазытқыштарда сақтау қажет ! Температураны бақылау үшін термометрлер болуы керек. 
-Сынапты термометрлерді пайдалануға рұқсат етілмейді; 
-қоғамдық тамақтандыру бөлімшесінде технологиялық процестердің реттілігі (ағыны) қамтамасыз етілуі керек, яғни шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің, пайдаланылған және дезинфекцияланған ыдыстардың келе жатқан ағындарын, сондай-ақ келушілер мен тамақ дайындаушы персоналдың қарсы қозғалысын қоспағанда. ас блогында шикізаттың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің қарсы ағындарын болдырмайтын технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) қамтамасыз етілуі тиіс; 
-медицина қызметкері дайындалған тағамның сапасын бағалайды; асханада дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан күнделікті үлгі алу керек. білім беру объектілерінің қызметкерлері мен қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы керек ! 
-терінің іріңді аурулары, іріңді кесектері, күйіктері, тіліктері бар, науқастар немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен немесе тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық тексеру жүргізілгенге дейін және дәрігердің қорытындысы шыққанға дейін жұмысқа жіберілмейді;
- асхананың бөлме жайлары мен қоймаларында жәндіктер мен кеміргіштер болмауы керек ! 
-Бракеражды комиссиясының қызметін күшейту: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі. 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  
бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521