Биологиялық белсенді қоспалар-тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентранты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып,қолданылатын аурудың алдын-алу менн ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті,жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізатпен химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.
Биологиялық белсенді қоспалар туралы таңбалауға қойылатын негізгі талаптар:
Бүгінгі таңда азық-түлікке биологиялық белсенді қоспаларды интернет ресурстар, интернет-сайттар және интернет-дүкендер арқылы сату өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Биологиялық белсенді қоспалар заң жүзінде сараптамадан өтіп, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алуы және Қазақстан Республикасында рұқсат етілген биологиялық белсенді қоспалар тізіміне енуі қажет. Биологиялық белсенді қоспалардың танымалдылығы жалған жарнамалар арқылы таралу болып табылады. Мемлекеттік куәландырусыз биологиялық белсенді қоспаларды тарату заңсыз әрекет болып табылады және бұл көбінесе интернет арқылы жүзеге асырылады.
Салмақ жоғалтуға арналған биологиялық белсенді қоспалардан жасалған капсулалар тұтынушылардың ерекше сұранысына ие болуда. Салмақ жоғалту үшін биологиялық белсенді қоспаларды қолдану артық салмақпен күресудің кең таралған әдісі болып табылады. Салмақ жоғалтуға арналған тағамдық қоспада көптеген компоненттер бар, атап айтқанда: өсімдік тектес заттар, талшықтар, минералдар және биологиялық белсенді заттар кешені. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалайтын сайттар, сілтемелерге сеніп, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ өнімдерді пайдаланбауды ұсынады.
Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.
Бекешева Әлия Аюпқалиқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы