Биологиялық белсенді қоспалар

фото: интернеттен

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының айтуы бойынша, адамның денсаулық жағдайы - 12% мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18%  тұқымқуалаушылық факторларға, 20% өмір сүру салтына, 50% тамақтануға байланысты болады екен.


Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады. Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар – тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті.
Алайда тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) өнімдерін мөлшерден тыс пайдалану адам денсаулығына кері әсер беруі мүмкін.
Өздеріңіз белетіндей, қазіргі уақытта интернет желілерінде, газет-журнал беттерінде тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (БАД) өнімдерінің әр-түрлі жарнамалары көз қызықтырады.
Алайда тұтынушы ретінде бұл өнімдердің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен әр-түрлі жарнамаларға алданып аталған өнімді таңдап, сатып алып, қабылдап жататындығымыз белгілі.
Тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында Техникалық реттеулер туралы Заңы, Кеден Одағы техникалық регламенттері секілді нормативтік құжаттар реттеліп отырады. Ал биологиялық белсенді қоспаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның құрылымдық бөлімшелері 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі негізінде қадағалайды.
021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағы техникалық регламенті талаптарына сәйкес Тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) өнімдері мемлекеттік тіркеу рәсімінен міндетті түрде өтуі тиіс тауарлар қатарына жатады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмайынша өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында заңды түрде таратуға болмайды. Мемлекеттік тіркеу туралы туралы куәлік – ол мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен тауардың барлық санитариялық және гигиеналық нормаларға толығымен сай келетіндігін растайтын құжат.
Ал, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Кодексі 56 бабы 1 тармағында Тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Яғни, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қазаны №ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидалары» негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қағидаға сәйкес Биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасында төмендегідей мәліметтер толық қамтылуы тиіс:
-    сауда айналымындағы атауы;
- құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;
- қолданудың негізгі көрсеткіштері;
- қолдану тәсілі және дозалары;
- негізгі жанама әсерлері;
- негізгі қарсы көрсетілімдері;
- балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
- шығару/сату шарттары;
- қолдануға көрнекі және түсінікті ұсыныс;
- өндірушінің атауы, мекенжайы және өндіруші ҚР бойынша шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлға;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні туралы ақпараттар қамтылуы керек және де биологиялық белсенді қоспалардың дәрілік зат емес екендігі туралы ескерту көрсетілуі керек.
​Жоғарыда атап өткендей, Тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) өнімдерін жарнамалау барысында жарнама беруші тарапынан «Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020» бұйрығы талаптары көп жағдайда ескерілмей жатады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қорыта келе, Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Атырау қаласы тұрғандары мен қонақтарын Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (БАД) өнімдерін таңдау, сатып алу және пайдалану барысында, аса көрегендік танытуға шақырады. Яғни, Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (БАД) өнімдеріне қатысты жарнамада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген қағида талаптары толық орындалуын, өнімнің қауіпсіздігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің бар екендігіне көз жеткізген жағдайда ғана пайдаланған абзал екендігін қаперлеріңізге береді.
Ал жарнама беруші және жарнама тарату тұлғалардан Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (БАД) өнімдерін жарнамалау немесе тарату барысында жоғарына көрсетілген қағидалар талаптарын қатаң сақтауларын сұрайды және жарнама тарату жоғарыда көрсетілген қағида талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапкершілік көзделгеннін хабарлайды.
 
Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы Н.С.Бөлекбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521