Бір ауыз сөз үшін сотталған Марал Хисымұлы туралы не білеміз?

фото: интернеттен

Сонау  1952-1953 жылдары саяси қуғын-сүргін кезінде бір ауыз сөзі үшін Нарын  өңірінде нақақтан-нақақ шатылып, түрмеге отырғандардың бірі Марал Хисымұлы еді. 

Бұл кісі туралы жақында Қамысқала ауылдық округінің тұрғыны, ағаның үлкен ұлы Салауат былайша әңгімелеп берді:  
Марал Хисымұлы Новобогат аудандық қаржы бөлімінде инспектор болып еңбек еткен. Иманғали Тасмағанбетовтің әкесі Нұрғалимен бірге жұмыстас болған ол 1952-1953 жылдары біреудің сыртынан көрсетуімен жала жабылып, сотталып кетеді. Шатылу себебі ауызекі әңгімелерде  әртүрлі айтылады.
Көз көрген айтушылардың сөзіне қарағанда, бірде ол кешке қарай кеңсеге жұмысқа келеді. Қарауылшық: «Сен білмейсің бе Сталинның заңын?» деп түртпектеп жүргізбеген көрінеді. Қайта-қайта айтып, ығырын шығарған соң, байшекі сөзбен тілдеп жіберген екен.
Екінші бір нұсқада ағамыз ауылдастарымен бірге карта ойнап отырғанда, біреулермен шатысып қалыпты. Артынан ол: «Американың қаруы бізден де күшті» деген сөз үшін  түрмеге айдалып кеткен-мыс.
 М. Хисымұлы ағамыз айдаудан  елге 1955 жылы бір-ақ босап келеді. Елге келген соң, өзінің алғырлығы, зеректілігі, тілтапқыштығы, еңбекқорлығы,  талапшылдығы ағамызды ауылдың белсенді азаматы болуына зор мүмкіндік туғызады. Ел арасында  осылайша беделге ие болған ағамыз өмірінің соңына дейін (2005 қайтыс болған) Новобогат ауылдық тұтынушылар қоғамында экспедитор, жөндеу зауытында жабдықтаушы, өкпе ауруханасында шаруашылық меңгерушісі,  теміржол ОРС-ында меңгеруші қызметтерін абыроймен атқарып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көркейіп, дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосады.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT