Биыл Береке ауылында дәрігерлік амбулатория бой көтермек

Алмалы ауылдық округіне қарасты Береке ауылында 25 орындық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мекеме емдік-профилактикалық бөлме, арнайы мамандырылған акушер-гинеколог кабинеті, стоматологиялық бөлмеден тұрады. Сондай -ақ төрт кереуетпен жабдықталған күндізгі стационар бөлмесі, зертхана және залалсыздандыру,  тазалық бөлмесі қарастырылған.

-  Халыққа жайлы қызмет көрсету мақсатында ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсарту көзделген.  Ауыл тұрғындары осы уақытқа дейін #5 емханаға келіп ем алып, қаралып жүрді. Жаңа емдеу мекемесі күніне 20-дан астам тұрғынды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың екінші жартысына дейін бітіп, қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, - деді Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ернар Қадырбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT