«Бруцеллез ауруы қалай жұғады?

(0 Votes)

Жалпы бруцеллез деген не, ол қалай жұғады? -деген сауалға тоқталсақ,  бруцеллез – адамдарға жануарлардан берілетін зоонозды ауру. Бұл ауру адамға ауылшаруашылық малдарынан жұғады. Инфекция көзі бруцеллезбен ауыратын жануарлар қой, ешкі, ірі мүйізді мал, шошқа болып табылады. Адамдар үшін  ең қауіптісі – қой-ешкі малы. Бруцеллез қоздырғыштары сыртқы ортаға аса төзімді келеді. Мәселен, адамдар ауру жануарларды бағып-күтуде, сою кезінде, жеке бастың алдын алу шараларын қатаң сақтамағанда, олардан алынатын шикізаттарды өңдеуде  яғни, тамаққа шикі сүтті және одан дайындалған өнімдерді сондай-ақ, жеткіліксіз қайнаған етті  пайдаланғанда жұқтырады. Жасырын кезеңнің ұзақтығы шамамен 1-3 аптаға, ал кейбір жағдайларда бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан, жоғары температурада қайнатылған өнімдердің әсерінен бруцеллез қоздырғыштары тез өледі. Бруцеллез жұқтырған адамның алғашқы белгілері:  Ауру әдетте біртіндеп басталып, көңіл-күйі нашарлайды, бұлшықеттері ауырады, асқа тәбеті жоғалады, терлейді, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Көп ұзамай бұл белгілер күшейіп, дене ыстығы 39-40оС-қа дейін жоғарылайды, басы, буындары ауырады, бұлшықеттер мен сүйектері қақсап аурады,  әлсіздік, ұйқысыздық пайда болады.
Бруцеллезді жұқтыруды болдырмау үшін, әрбір адам алдын-алу шараларын қатаң сақтауы қажет:
- Егер, ауылшаруашылық малдарыңыз болса, жыл сайын малдарыңызды бруцеллезге тексеруден өткізу;
-  малда түсік тастау жағдайы анықталса  тез арада малдәрігеріне хабарлау;
- балаларды бруцеллезге тексерілмеген малдарға күтім  жасауына, олардың  төлдерімен ойнауына жол бермеу; 
- мал күтіміне кіріспес бұрын, арнайы киім кию;
- бұл киімдермен тұрғын үй ішіне кірмеу;
- жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
-  ауру мал тұрған қораларда тамақ ішпеу, темекі шекпеу;
- малдәрігерінің алдын-ала қарауынсыз малды союға жол бермеу;
- малды союды аулада емес, арнайы мал сою пункттерінде жүргізу;
- жеке адамдардан мал сатып алғанда малдәрігерінің ветеринариялық рұқсат қағазын талап ету;
-  ет және сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындардан алу (базарлар, дүкендер, үлкен сауда нүктелері). Сондай-ақ мал қожайыны малдағы іш тастаудың, төлдің өлі туылуының әрбір жағдайын малдәрігерлеріне хабардар етуге міндетті. 
Бруцеллез бұл емделетін ауру. Дер кезіндегі нақты диагностика жасап емделсе жедел бруцеллездің созылмалы сатыға өтуін алдын алады. Әрбір адам бруцеллездің алғашқы белгілері байқалысымен дереу дәрігерге көрінуі керек.
 

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT