Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың зооноздық ауруы

 

Инфекция көзі ауылшаруашылығы жануарлары – ұсақ мүйізді мал, ірі қара мал, шошқа болып табылады. Бруцеллездің ең ауыр түрі қой-ешкі бруцеллаларын жұқтырғанда байқалады. Қоздырғыштың берілу жолдары әртүрлі: фекальді-оральді, тұрмыстық-қатынас және ауа-тамшылы. 

Адамдар  ауру жануарларды бағып-күтуде жеке бастың алдын алу шараларын сақтамағанда, олардан алынатын шикізаттарды өңдеуде және  термиялық өңдеуден өтпеген шикі сүттен дайындалған өнімдерді тұтыну кезінде жұқтырады.

Ауру малдар төлдеген және түсік тастаған жағдайда күтім жасау қауіпті болып келеді. 

Инкубациялық кезең 1-ден 3 аптаға, бірақ кейбір жағдайларда бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.

Бруцеллездің алғашқы белгілері – қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тершеңдік. Біраздан кейін бұл белгілер күшейіп, бүкіл денеде ауырсыну, әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, буындардың ауыруы және ісінуі, бұлшықеттер мен сүйектердегі ауырсыну пайда болады.

Бруцеллез емделеді. Диагностикалауды және емдеуді уақытылы жүргізу, әдетте, жедел бруцеллездің созылмалы кезеңге өтуіне жол бермейді. Адам тез сауығуы және асқынулардың алдын алу үшін емдеу аурудың алғашқы күндерінен басталуы керек. Әдетте емдеуді дер кезінде бастап, дәрігер тағайындаған емдеудің толық курсын аяқтаған науқастар тез сауығып кетеді.

Бруцеллезді жұқтармау үшін әрбір адам келесі ережелерді қатаң сақтауы керек:
- жыл сайын малдарды бруцеллезге тексерту;
- малдардың түсік тастаған жағдайларын дереу малдәрігеріне хабарлау;
- балалардың бруцеллезге тексерілмеген жануарларға күтім жасауына және төлдерімен ойнауына жол бермеу;
- бруцеллезбен ауырған немесе тексерілмеген жануарлардан алынған шикі сүтті ішпеу;
- жануарларды сатып алған кезде малдәрігерінің анықтамасын сұрау;
- ет және сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындардан сатып алу (базарлар, дүкендер, супермаркеттер);
- жануарларға күтім жасау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау.

Осы шаралардың барлығын орындау, Сізді бруцеллезді жұқтырудан сенімді қорғайтынын есте ұстаған жөн.

 

Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT