Бруцеллезден сақтанайық !

фото: интернеттен

​Бруцеллез –жануарлар мен адамдардың зоонозды инфекциялық ауруы.       Бұл ауру адамға ауылшаруашылық малдарынан жұғады. Инфекция көзі бруцеллезбен ауыратын жануарлар қой, ешкі, ірі мүйізді мал, шошқа болып табылады.

 

 Адамдар үшін ең қауіптісі –қой, ешкі малы. Адамдар ауру жануарларды бағып күтуде жеке бастың алдын –алу шараларын сақтамағанда, олардан алынатын шикізаттарды өңдеуде және тамаққа шикі сүтті және одан дайындалған өнімдерді, жеткіліксіз қайнаған етті пайдаланғанда жұқтырады.
Бруцеллез қоздырғыштары ағзаға өткеннен кейін адам бірден бруцеллезбен ауырмайды. Жасырын кезеңнің ұзақтығы шамамен  1-3 аптаға, ал кейбір жағдайларда бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Ауру әдетте біртіндеп басталып, көңіл- күйі нашарлайды, бұлшықеттері аурады, асқа тәбеті жоғалады, терлейді, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.
Көп ұзамай бұл белгілер күшейіп, дене ыстығы 39-400 С-қа дейін жоғарлайды, басы, буындары ауырады, әлсіздік, ұйқысыздық пайда болады.
Бруцеллез адамға үш түрлі жолмен: тұрмыстық қарым- қатынаста, азық тұлік заттары және ауа арқылы жұғады. Мал төлдету , қой қырқу науқаны кезінде малшылардың осы ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары.  Ал термикалық (жоғары температурада қыздыру, қайнату, т.б.) өңдеуден өтпеген азық түлік түрлерін пайдаланған адам да бруцеллезге шалдығуы мүмкін. Бруцеллездің ауа арқылы жұғуы қой ешкі жүнінің тозаңды бөліктерінің т.б. бруцелді микробтардың тыныс жолдарына енуінен болады. Сондықтан төрт түлікті бағатын адамдардың жеке бас гигиенасын сақтауы да аса маңызды.Мал күтімі кезінде жұмысқа арнайы аяқ  киім, қолғаптар, заласыздандыру құралдарын қолдану қажет. Малмен қатынаста болғаннан кейін қолды міндетті түрде сабынмен жуып, арнайы жұмыс киімдерімен үйге кірмеуі қажет. Қарапайым сақтық ережелерін қатаң сақтай отырып, Сіз өзіңізді және жақын туыстарыңызды бруцеллез ауруын жұқтырудан қорғай аласыз. Бруцеллез емделетін ауру. Адам тез жазылып, асқынуларды болдырмау үшін емді алғашқы ауырған күннен бастап алу қажет. Әдетте, дер кезінде емін алып, дәрігер тағайындаған емдеу курсын толық өткен науқастар тез жазылып кетеді.
 
Атырау қалалық
санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
жетекші маманы
Аубекерова Күміс  Наримановна

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521