Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың зооноздыинфекциялық ауруы.
Бұл ауру адамға ауылшаруашылықмалдарынан жұғады. Жұқпа көзі бруцеллезбен ауыратынжануарлар: қой, ешкі, ірі мүйізді мал, шошқа. Олардыңарасында адамдарға ең қауіптісі қой-ешкі малы болыптабылады.
Адамдар үшін ауру жануарлар ғана емес, сонымен қатаролардан алынған тамақ өнімдері мен шикізаттарда қауіпті.
Қоздырғыштың берілу жолдары әртүрлі: фекальді-оральді, тұрмыстық-қатынас және ауа-тамшылы.
Бруцеллез науқас адамнан сау адамға берілмейді. Адамдар ауру жануарларды бағып-күтуде жеке бастыңалдын алу шараларын сақтамағанда, олардан алынатыншикізаттарды өңдеуде және шикі сүттен дайындалғанөнімдерді пайдаланғанда жұқтырады.
Көктемгі мал төлдету науқанында ауру жануарларға күтімжасау, түсікті және оның шырышты қабықтарын жалаңқолмен ұстап жинау анағұрлым қауіпті. Сондықтан, малдарды күтудің барлық жұмыстарын арнайы киім киіпжүргізу қажет. Бұл киімдермен тұрғын үйге кіруге мүлдемболмайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынменмұқият жуу керек. Әсіресе, жануарларды қарауға балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді жолатуқауіпті.
Бруцеллез микробы зақымдалған теріге, шырыштықабықтарға, асқазан-ішек және тыныс алу жолдарына оңайөтеді. Көбінесе бруцелла адам ағзасына зақымдалған қолтерісі арқылы енеді.
Бруцеллез қоздырғыштары ағзаға өткеннен кейін адамбірден бруцеллезбен ауырмайды. Жасырын кезеңніңұзақтығы шамамен 1-3 аптаға, ал кейбір жағдайлардабірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Бруцеллездің алғашқы белгілері қалтырау, денеқызуының көтерілуі, тершеңдік болып табылады. Көпұзамай бұл белгілер күшейіп, бүкіл денеде делсалдылық, әлсіздік, жұмысқа қабілеттің төмендеуі, буындардыңауыруы мен ісінуі, бұлшықеттер мен сүйектердің қақсапауруы байқалады.
Бруцеллезді жұқтырудың алдын алу үшін әрбір адам келесіережелерді қатаң сақтауы, атап айтқанда:
- жыл сайын малдарды бруцеллезге тексеруден өткізуі;
- малда түсік тастау жағдайын тез арада малдәрігерінехабарлауы;
- балаларды бруцеллезге тексерілмеген малдарға күтім жасауына, олардың төлдермен ойнауына жол бермеуі;
- бруцеллезбен ауыратын және тексерілмеген малдың сүтіншикілей ішпеуі;
- малдәрігерінің рұқсатынсыз етті, сүтті сатпауы;
- жеке адамдардан мал сатып алғанда малдәрігерінің рұқсатқағазын талап етуі;
- ет және сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындардан алуы(базарлар, дүкендер, үлкен сауда нүктелері) қажет.
Бруцеллез емделеді. Сондықтан бруцеллездің алғашқыбелгілері пайда болған кезде адам дереу дәрігерге қаралуыкерек. Ертерек диагноз қойылған және емдеу жүргізілгенкезде, әдетте, жедел бруцеллездің созылмалы кезеңге өтуінежол берілмейді.
Жоғарыда аталған ережедер мен бруцеллездің алдын алушараларын қатаң орындаған кезде жұқпадан сақтануғаболатынын әрқашан есте ұстаған жөн.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялықбақылау департаменті басшысының орынбасары