COVID-19-ды көбейтіп алмайық. Аққыстаудағы ахуал неге тұрақсыз?

Аққыстауда бірден бес науқас анықталғаны нені білдіреді?

Шектеу шараларының өз деңгейінде жүргізілмеуінен бе болмаса халық арасында түсінік жұмыстарының кемшіндігі себеп пе?

Бұл сұрағымызға жауап іздеген аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Б.Картмаганбетоваға ауданда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыз екендігін айтады.

- Ауру жұқтыру жағдайлары тіркелуде. Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде. Алайда, күнделікті жүргізілетін мобильді топтың рейдтері барысында анықталғандай, бірқатар нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайды, қауіпсіздік шараларына бейжай қарайтын тұрғындар да жоқ емес. Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде шектеу режимін күшейтуге себеп болуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты, - дейді маман.

Сондай-ақ ол эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі екендігін, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ғана ауруды ауыздықтай алатынымызды жеткізді. Түсінгеніміз, тұрғындар ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауы тиіс екен. Сондай-ақ отбасылық шағын мерекелік шаралар, еске алу кәделерін өткізуді тоқтата тұру керек.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521