Денге қызбасы деген не?

 

Денге қызбасы – жіті табиғи – ошақты зооноздық ауру, адамдарға масалардан беріледі. Денге безгегінің эндемиялық ошағының ыстық климаты бар елдерде: Америка және Кариб теңізді елдерінен, Азияда және Америкада тіркелген.

Эпидемиологиялық ошақтарда негізінен басқа аймақтардан келген балалар мен адамдар ауырады.

Денге қызбасының даму себептері:

• Масалардың шағуы (аурудың тасымалдаушысы)
• Ауруды жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуы


Денге қызбасының белгілері:

Науқастардың көпшілігінде аурудың белгілері болмайды немесе жеңіл белгілерімен жүреді. Сирек жағдайда Денге ауруы өлімге әкелуі мүмкін.

• Жөтел;
• Көздің қызаруы;
• Дене қызуының 40С дейін көтерілуі;
• Қатты бас ауруы;
• Бұлшық еттердің, буындардың ауруы;
• Жүрек айну, құсу;
• Ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігердін қабылдауына жазылу қажет.

Алдын алу жолдары:

• Батпақты жерлерге экскурсияға шығудан аулақ болыңыз;
• Теріні мүмкіндігінше жабатын киім киіңіз
• Терезелер мен есіктерді масалардың торларымен жабыңыз
• Жәндіктердің шағуынан қорғайтың құралдардың болуы – масаларға қарсы спрей, кремдер, гельдер.

 

Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT