Денсаулығыңызды қаншалықты жиі тексересіз?

 

Денсаулықты тексеру — адамның денсаулық жағдайын бағалауға, мүмкін ауруларды анықтауға және асқынулардың алдын алуға бағытталған маңызды процесс. Қазақстан Республикасында медициналық тексерулер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен реттеледі. 

Атап айтқанда, осы Кодекстің 86-бабы міндетті медициналық тексерулердің түрлерін анықтайды: алдын ала, мерзімді, ауысым алдындағы (рейске дейінгі) және ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық тексерулер. Бұл тексерулер ауруларды, соның ішінде кәсіптік ауруларды, улануларды, жазатайым оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № ҚР ДСМ-131 бұйрығы міндетті және профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу тәртібін, денсаулық сақтау ұйымдарының талаптарын, сондай-ақ пациенттер мен медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Бұл нормативке сәйкес медициналық тексерулер жүргізіледі:

• Жұмысқа орналасқанда;
• Оқу барысында;
• Белгілі бір қызмет түрлеріне рұқсат алу үшін;
• Ауруларды ерте анықтау және алдын алу мақсатында.

Медициналық тексеру сауалнама, физикалық зерттеу, лабораториялық және аспаптық зерттеулерден тұрады, олар тексерудің мақсаты мен адамның денсаулық жағдайына байланысты анықталады.

Медициналық тексерудің мақсаты — халық денсаулығын қамтамасыз ету, кәсіптік аурулардың қаупін азайту және өмір сапасын жақсарту.

 

Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT