Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктерді алдын ала қабылдамау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үйде емделетіндердің көбісі бірден антибиотик ішуді бастайды. Бұл – үлкен қателік. Олай істеген дұрыс емес. Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп немесе үш күн бойы жоғары температура түспесе, қызуды басатын дәрілерді қабылдаған дұрыс, сан алуан шөптерді ішуге болады. Суды көбірек ішіңіз" деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, антибиотиктердің кері әсері қатты. Ал ең бастысы, дүрбелеңге салынбау қажет.

"Қызуды басатын дәрілерді де тек 38 градустық температура болса ғана ішу керек. Оған дейін адамның ағзасы вирустармен және бактериялармен өзі күреседі, Негізі, жоғары температура болмаса, иммунитет ауруды өзі жеңе алады. Ал антибиотиктерді тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдау қажет" деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр антибиотиктердің кері әсеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, адамдар жоғары температура болмаса да, антибиотиктерді қабылдауды бастайды. Ондайда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйреніп қалады. Соның салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін.

"Бүгінде біз арнайы нұсқаулықтарды әзірледік. Оны министрліктің ресми сайтынан табуға болады. Сол жерде амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу тәртібі жазылған. Міне, осы ақпаратты пайдалану қажет" деді Цой.

sputniknews.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521