Дерматомикоз ауруының алдын алу туралы мамандар кеңес береді

Дерматомикоз – саңырауқұлақинфекциясы болып табылады. Бұл теріауруын адам денесінде паразиттік ететінсаңырауқұлақтар тудырады. Саңырауқұлақтар теріге тілімдер жәнеашық жаралар арқылы еркін енеді. Осы саңырауқұлақ ауруы зақымдалған денебөлігін деформацияға әкеледі.

Көбінесе аяқпен қол білегі зардап шегедіБұдан басқабұл ауруға тән белгілердің бірі шашқұрылымының өзгеруі және оның түсуі, сондай-ақ тері жабындысыныңжарықшақтануы болып табылады. Ылғалдылығы жоғары жерлерсаңыраулықтың көбейі үшін қолайлы орта. Сол себепті онымен көбінесе  жиі терлейтін  аяқ табандары зақымдалады.

 

   Науқас адаммен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру мысықтан, иттен және басқажануарлардан жұқтырады. Көп жағдайданауқаспен байланыс жасағанда немесезақымдалған заттарын пайдаланғанда: аяқкиім, монша кілемдері, сүлгі арқылыжұқтырады. Статистикалық мәліметбойынша науқастар көбінесе ортақбассейндер, сауналар, спортзалдардажұқтырғаны белгілі болып отыр.

 

    Саңырауқұлақ ауруларының белгілерібайқалған кезде тез арада медициналықкөмекке жүгіну қажет. Микоздың емдеуі, олардың жіктелуіне қарамастан, дәрігердіңқатаң қадағалаумен жүзеге асырылуы тиіс. Егер отбасы мүшелерінің біреуідерматомикозбен ауырған жағдайда жекебас гигеналық ережелерді қатан сақтаукерек.

 

    Жас ерекшеліктері бойынша көбінесебалалар жұқтыруға бейім келеді. Сондықтан балаларды ерте жастан денежәне үй тазалығын сақтауға үйрету қажетБалалармен түсіндіру жұмыстарынжүргізіп, оларға бұралқы мысықтар мен иттерді ұстауға тыйым салыңыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT