Дерматомикоздың қалай алдын аламыз?

Дерматомикоз – саңырауқұлақ инфекциясы болыптабылады.

Бұл тері ауруын адам денесінде паразиттік ететінсаңырауқұлақтар тудырады. Саңырауқұлақтар терігетілімдер және ашық жаралар арқылы еркін енеді. Осы саңырауқұлақ ауруы зақымдалған дене бөлігіндеформацияға әкеледі.Көбінесе аяқ пен қол білегі зардапшегеді.  Бұдан басқа бұл ауруға тән белгілердің бірі шашқұрылымының өзгеруі және оның түсуі, сондай-ақ теріжабындысының жарықшақтануы болып табылады. Ылғалдылығы жоғары жерлер саңыраулықтың көбейі үшінқолайлы орта. Сол себепті онымен көбінесе  жиі терлейтін аяқ табандары зақымдалады.

 

Науқас адаммен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру мысықтан, иттен және басқа жануарлардан жұқтырады. Көпжағдайда науқаспен байланыс жасағанда немесезақымдалған заттарын пайдаланғанда: аяқ киім, моншакілемдері, сүлгі арқылы жұқтырады. Статистикалықмәлімет бойынша науқастар көбінесе ортақ бассейндер, сауналар, спортзалдарда жұқтырғаны белгілі болып отыр.

 

Саңырауқұлақ ауруларының белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет. Микоздыңемдеуі, олардың жіктелуіне қарамастан, дәрігердің қатаңқадағалаумен жүзеге асырылуы тиіс. Егер отбасымүшелерінің біреуі дерматомикозбен ауырған жағдайдажеке бас гигеналық ережелерді қатан сақтау керек.

 

Жас ерекшеліктері бойынша көбінесе балалар жұқтыруғабейім келеді. Сондықтан балаларды ерте жастан дене жәнеүй тазалығын сақтауға үйрету қажет.  Балалармен түсіндіружұмыстарын жүргізіп, оларға бұралқы мысықтар мен иттерді ұстауға тыйым салыңыз!

 

Дерматомикозбен күрес ерте диагностикалаудан, науқастарды уақтылы оқшаулаудан және оларды тиімдіемдеумен, жұқтыру көздерін анықтаудан, олардың одан әрітаралуын болдырмаудан және анықталған ошақтызарарсыздандырудан тұрады. Аурудың әрбір жағдайындаағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

 

Сіз дәрігерге тез арада жүгінсеңіз, соғұрлым саңырауқұлақауруларының ауыр түрлерінің пайда болуы мүмкіндіктеріназайтатыныңызды есіңізден шығармаңыз !

 

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT