Дезинфекция түрлері

(0 Votes)

Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау іс-шараларын жүргізу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген.      

Санитариялық қағидаларда төмендегідей  терминдер мен анықтамалар берілген:

дезинфекциялау (залалсыздандыру) – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені. Яғни, залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі табылады.
дезинфекциялау құралдары (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулицидтер;
дезинфекциялау қызметі – стерильдеуге, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға және олардың тиімділігі мен қауіпсіз қолданылуын бақылауға арналған құралдарды, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуге, сынауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға және кәдеге жаратуға байланысты қызмет;
Дезинфекция үш деңгейдегі түрге бөлінеді:

жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты
патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция;

    2) орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериялары), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция (спораға әсер етпейтін);

     3)  төмен деңгейдегі дезинфекция – бактериялар, кейбір грибоктар, вирустар жойылатын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция;

Емдеу алдын алу ұйымдарында медициналық бұйымдар міндетті дезинфекциялауға және стерилизациялауға жатады.

 Медициналық бұйымдар (бұдан әрі – МБ) адам организмімен жанасу дәрежесіне және пациенттің жұқтыру қаупіне қарай үш топқа бөлінеді:

      1) сыни МБ (критические) – адамның тіндерімен, қуыстарымен немесе қан жүретін жолдарымен тікелей жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

      2) жартылай сыни МБ (полукритические) – зақымданбаған сілемейлі қабықтармен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;

       3) сыни емес МБ (некритические) – зақымданбаған тері жабынымен жанасатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (танометр, градусник) және медициналық техника (узи, рентген аппараттары және т.б).

      Сыни және жартылай сыни МБ стерильдеуге, сыни емес МБ орта және төмен деңгейдегі дезинфекциялауға жатады.

      Стерильдеу – қоздырғыштардың барлық түрлерін, оның ішінде спораларға физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен әсер ету арқылы оларды толық жою;

Дезинфекция түрлері:

     - камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау. Денсаулық сақтау объектілеріндегі төсек-орын жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) мынадай жағдайларда камералық дезинфекциялау әдісімен:

      1) пациент хирургиялық, травматологиялық, онкологиялық, гематологиялық, күйік бөлімшелерінен, жүкті және босанатын әйелдерге арналған бөлімшелерден, балаларға арналған бөлімшелерден, инфекциялық, туберкулезге қарсы, дерматовенерологиялық бөлімшелерден пациент шығарылғаннан, ауыстырылғаннан, оқшауланғаннан және қайтыс болғаннан кейін;

      2) эпидемиялық көрсетілімдер бойынша;

      3) төсек-орын жабдықтары биологиялық материалмен ластанған кезде;

      4) пациент қайтыс болғаннан кейін зарарсыздандырылады.

- қорытынды дезинфекциялау – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;

-  ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;

Профилактикалық дезинфекция жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған дезинфекция, ол емдеу алдын алу ұйымдары, яғни ұйымдастырылған балалар ұйымдарында және т.б. ұйымдастырылған ұйымдарда жүргізізледі.

Ошақтық дезинфекция ұғымдар бар – ауру ошағында аурудың одан әрі өршіп, тарап кетпеуінің алдын алуға бағытталған дезинфекция.

Оны ауру ошақтарында жергілікті медицина ұйымының дезинфекцияға жауапты маманы немесе сол маманың нұсқауымен науқас немесе отбасы мүшелері жүзеге асырады.

Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелеттік жастағы адамдар жіберіледі.

        Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.

      Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып, өнім өндірушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралдарды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

      Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады.

       Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады:

      жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды пайдалануға жол берілмейді (1-сынып);
      қауіптілігі жоғары құралдарды (2-сынып) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды, тұрғын үй-жайларды және қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы адамдар болмаған кезде оқытылған персоналдың пайдалануына жол беріледі;
       қауіптілігі орташа құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарын міндетті түрде регламенттеу (дезқұралдар шығысы, желдету режимі, жинау) арқылы пайдалануға жол беріледі;
      қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.
Дезинфекциялық ерітінділер өндірушінің нұсқауларына сәйкес дайындалады. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділері бар сыйымдылықтар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған, олардың құрал, шоғырлануы, тағайындалуы, дайындалған күні, ерітіндінің шекті жарамдылық мерзімі көрсетілген нақты жазбалары немесе затбелгілері болады

Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығарылады және кәдеге жаратылады.

Исатай аудандық СЭББ басшысы Б.С.Қартмағанбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT