Еңбек қауіпсіздігі және медициналық тексерулер

Өндірістегі зиянды және қауіпті факторлар әсеріне денсаулықтарын душар ететін жұмысшылардың денсаулығын қорғау мен нығайту емдеу-профилактикалық  мекемелерінің және денсаулық жұмысын ұйымдастырушылардың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Әртүрлі өндірістік обьектілерде  қызмет барысында жұмысшылар денсаулықтарына кері әсері бар жағымсыз өндірістік  факторлармен байланыста болады. Өндірістік обьектілердегі жағымсыз еңбек факторларының денсаулыққа әсері тек қана әртүрлі дәрежедегі кәсіби аурушылдыққа, кең тараған әлеуметтік маңызы бар аурушылдыққа душар етумен қатар, уақытша және тұрақты еңбеккке қабілеттілігін жояды, яғни мүгедектікке, өмір жасының қысқаруына,  еңбек жасындағы адамдардың кенеттен  қайтыс болу жиілігі көбеюіне әсер етеді.

Өндіріс орындарындағы жұмысшылардың зиянды және қауіпті факторларға душар болмауын қамтамасыз ету, оларды қорғау мәселесі, кәсіби аурушылдық пен кәсіби уланулардың алдын-алу саланың басты бағыттары болып саналады.

Өндірістің қарқынды дамуы қоршаған ортаға техногендік ауыртпалықтарды көбейтумен  қатар, адам денсаулығына да тікелей әсерін тигізуде.

Осы барлық өндірістік нысандардағы  жұмыстар адам денсаулығына кері әсер ететін зиянды және жағымсыз факторлармен тығыз байланысты болуда.

Өндірістік ортада жұмысшыларға зиянды факторлар  комплексті әсер етеді: химиялық заттар, шу, діріл, ауыр және  қарбалас  еңбек үрдісі, аймақтағы жағымсыз табиғи-климаттық жағдай (құрғақ әрі ыстық жаз айлары, салқын желді қыс айлары).

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020  міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі және және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын айқындайтын  бұйрығы бекітілді.

Аталған бұйрықта міндетті алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі), оның ішінде халықтың декреттелген тобын медициналық қарап-тексерулердің тәртібі мен мерзімділігін айқындалған, сонымен қатар "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттелген.

Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер   жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

Ал міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – мерзімдік қарап-тексеру) жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.

"Алдын ала міндетті медициналық қарап – тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары  көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау (қоғамдық денсаулық сақтау) басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.

 Еңбекке қабілетті тұрғындардың денсаулығын сақтау мен  нығайтуда жұмысшыларға    сапалы медициналық көмек беру негізгі орын  алады, күні бүгінге өткізілетін медициналық байқау сапасын арттыру   қамту    өзекті мәселе болып отыр.

Департамент басшысының орынбасары 

                 А.С.Искакова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT