Екпенің көмегі - ерекше

Исатай ауданында күні бүгін коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

Жыл басынан бері коронавирус жұқпасы бойынша барлығы 193 жағдай тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.  Дегенмен, босаңсуға болмайды.

Қазіргі уақытта «Омикронның» жоғары контагиозды түрі бүкіл әлемде басымдықпен тарауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша «Стелс-Омикрон» нұсқасы қазір барлық анықталған инфекциялардың 86 пайызын құрайды. Жұғу жылдамдығы өте жоғары. Вакцинаның үдеткіш дозалары жаңа штамнан қорғайды.

Коронавирус  инфекциясынан қорғанудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу. Сондықтан әрбір азамат ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинация қарқынын төмендетпей, ревакцинациядан уақытылы өтуін жалғастыруы қажет.

Короновирустық инфекцияның ағымынан қорғауды арттыру үшін бустерлі вакцинация қажет. Уақыт өте келе вакциналардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан қосымша егу ұсынылады. Әрине, вакцинация ауыр аурулардан қорғауды арттырады. Бұл, әсіресе, қауіпті топтар: 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар адамдар үшін өте маңызды.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылып, оған сәйкес бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Құрметті аудан тұрғындары коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуіне және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қарамастан коронавирустық инфекция айналымын жалғастыруда және мутацияға ұшырайтынын еске саламыз. Сондықтан сіздерді қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырамыз және вакцинациядан өтпеген адамдар өз денсаулығын қорғау мақсатында вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау  қажет.

Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына септігін тигізеді.

КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm, Комирнати (Pfizer) вакциналары бар. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы немесе Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп уақыт тұратын шетел азаматтары вакцинацияның бастапқы курсын, сонымен бірге ревакцинация ала алады. Олар көрсетілген барлық вакциналарды қолдана алады. Қазіргі уақытта «Комирнати» вакцинасымен (Pfizer) 12 жастағы және одан үлкен барлық адамдар егіле алады. Шетелге сапарға шығуды жоспарлаған барлық адамдар «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын қолданып, вакцинацияның   толық курсын қайта ала алады.

Коронавирус инфекциясы бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне бірден бір себеп вакцинация, ревакцинация. Індетке шалдыққан науқастардың вирусты жеңіл өткеруі мен өлім-жітім көрсеткіштерінің тіркелмеуіне де осы иммунизацияның әсері деп айтуға толық негіз бар.

Ауданда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі күні ауданымызда Ffizer препаратымен 04.04.2022 ж. дейін өсіммен барлығы 522 адам иммунизациядан өтті, оның ішінде 12 жастан асқан жасөспірімдер саны - 334. Оның ішінде 21 – жүкті әйелдер, 167 – бала емізетін аналар. Ал, ревакцинациядан өткен тұрғындар саны – 2659.

Бақылау кезеңінде аталған препаратпен вакцинацияланғаннан кейін ешқандай асқыну деректері орын алған жоқ. Аудан тұрғындарын иммундауға вакцина қоры жеткілікті. Егу пункттері үзіліссіз және демалыссыз жұмыс жасауда!

Жалпы тұрғындарға айтатынымыз вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Бақытгүл ҚАРТМАҒАНБЕТОВА, 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT