Екпені сенбі, жексенбі күндері де ала аласыз

YИсатай ауданында кoронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстары қарқынды жүруде.

Биылғы 3-ақпаннан басталған екпені алғаш болып тұрғындарға қызмет көрсетуші медицина мамандары, полиция, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер қабылдап, бүгінде бұл жұмыстар жалғастырылуда.

Сондай-ақ, 3 сәуірден бастап жалпылама аудан тұрғындарына ерікті түрде екпе салу басталды.

Аудандық жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, өтініш білдіргендерге орталық ауруханада аптаның әр күнінде, жұмыс күндері кешкі сағат 21:00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мереке күндері 18:00-ге дейін екпе салынады. Екпені ерікті түрде және тегін, 18 жастан асқан адамдар қабылдайды.

Айта кетейік, екпе Аққыстау ауылы, Елорда көшесі 49-үйде орналасқан аудандық аурухана ғимаратында салынады. Бұған қоса вакцинациялау ауылдық округтерге жылжымалы пункттер арқылы да бұл ұйымдастырылуда.

"Дәрігерлер Жанбай, Нарын, Зинеден, Исатай ауылдарына, мереке күндері Тұщықұдық және Х.Ерғалиев ауылдарына барып, екпе жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады" дейді жауапты мамандар.

Олардың айтуынша, бүгін, яғни, 5 мамыр күні 115 адам екпе алған, жалпы көрсеткіш 945-ке жетіп отыр.

Қандай да бір қосымша мәліметтер қажет болса, 87028232881, 8 71 231 2 15 63 байланыс телефондары арқылы біле аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521