Бала — ата-ананың бауыр еті, қоғамның, елдің болашағы. Баланың денсаулығы ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты. Түрлі жұқпалы аурулардың бала денсаулығына зияны зор. Қызылша ауруы да бала өміріне өте қауіпті. Сондықтан ата-аналар балаларына мезгілінде қызылшаға қарсы екпе алдыруы қажет. Ол баланың қызылша ауруымен ауырмауының, ауырған жағдайда жеңіл өтуіне себепші болады. Бұл бала ағзасында түрлі аурулардың пайда болуының алдын алады.
Мутянова Лиза Төлегенқызы, ардагер-ұстаз
Аққыстау ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы.