XXI ғасыр — технология ғасыры. Электр қуаты, радиотолқындар, сымсыз байланыс жүйелері — барлығы адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде біз смартфонмен сөйлесеміз, Wi-Fi арқылы интернетке қосыламыз, микротолқынды пеште тамақ қыздырамыз, теледидар көреміз. Бірақ осының бәрі бір ортақ нәрсеге байланысты — электромагниттік өріс (ЭМӨ).
Электро магниттік өріс — бұл электр және магнит өрістерінің бір уақытта пайда болуы нәтижесінде таралатын физикалық құбылыс. Ол кеңістікте толқын түрінде таралады және энергия тасымалдайды.
Электромагниттік өріс көздері:
Табиғи көздер:
- Күн сәулесі
- Найзағай разрядтары
- Жердің магнит өрісі
Жасанды көздер:
- Ұялы телефондар және базалық станциялар
- Wi-Fi роутерлер
- Компьютерлер, планшеттер, смарт-сағаттар
- Теледидарлар мен радио
- Электр тогы жүретін сымдар, трансформаторлар
- Микротолқынды пештер
- Медициналық құралдар (МРТ, рентген аппараттары)
- Қорғаныс және әскери технологиялар (радарлар, т.б.)
ЭМӨ адам ағзасына екі түрлі жолмен әсер етуі мүмкін:
- Жылулық әсер (термиялық):
Толқындар денетіндерін қыздырып, жасуша аралық процестерге ықпал етеді. Мысалы, микротолқынды пеште тамақ қызған сияқты, ұзақ сөйлескенде телефон құлақты қыздыруы мүмкін.
- Бей жылулықәсер:
Төмен қуатты ЭМӨ биохимиялық және биофизикалық процестерге әсер етуі мүмкін. Бұған нейрондардың белсенділігі, гормондардың бөлінуі, иммунитетке ықпал жатады.
Электро магнитті көрісті толық жою мүмкін емес, бірақ оның зиянын азайтуға болады:
Тұрмыста:
- Телефонды құлаққапарқылы қолдану;
- Ұйықтар алдындаWi-Fi өшіру;
- Роутерді жатын бөлмеге орнатпау;
- Микротолқынды пеш жұмыс істегенде 1-2 метр алыс тұру;
- Жұмыс орнында ЭМӨ-де ұзақ болмауға тырысу.
Балаларға:
- Смартфон мен планшет қолдануды шектеу
- Wi-Fi немесе Bluetooth ойыншықтардан бас тарту
- Экран алдында өткізетін уақытты шектеу
Жұмыста:
- Электроникамен көп жұмыс істейтіндерге ЭМӨ қорғау құралдары (экранирлеу, арнайы киім)
- Дозиметрлік бақылау
- Энергия көзі мен адам арасындағы арақашықтықты сақтау
Электро магнитті көріс — көрінбейтін, бірақ қуатты құбылыс. Біз оны күнделікті өмірде үздіксіз пайдаланып келеміз. Оның адам ағзасына зиянды немесе зиянсыз екені толық дәлелденбегенімен, ұзақ әрі тұрақты әсерінен сақтану маңызды. Әсіресе балалар, жүкті әйелдер мен науқастар үшін бұл аса өзекті мәселе. Сақтық — денсаулық кепілі.
А. Искакова
Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары