Елімізде адам папиллома вирусына қарсы қыз балаларға екпе салу басталды

(0 Votes)

Биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық екпелер күнтізбесіне еніп отыр. Оған себеп елімізде жатыр мойны обырынан қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейіп баралы. Қазақстан Республикасында қолданылатын вакцина бұл АҚШ гордасил вакцинасы .Бұл вакцина АПВ вирусының 200 түрі бар ,соның ішінде 14-і жоғары онкогендік типтер. Ең жоғарғы онкогенді 4 типін (16,18,6,11) типтеріне қорғаныш қасиеті бар вакцина. Адам папиллома вирусына қарсы екпе әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғайды.

 Оған адам папиллома вирусының онкогендік типтері себеп болады. АПВ қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Ол Қазақстан әйелдері арасында қатерлі ісік жөнінен сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Қазіргі таңда ата-аналаар, қыз балаларға АПВ мен екпе туралы толыққанды ақпарат беру шаралары қолға алынып жүргізілуде. Өз тарапымыздан БАҚ беттеріне мақалалар мен ақпараттар шығарылуда. 
Адам папиллома вирусы- бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Ол тұрмыстық жанасу, тікелей жолмен туу кезінде, және жыныстық жолмен жұғуы мүмкін. Адам папиллома вирусы өте қауіпті. Себебі бұл вирус адам ағзасында ешқандай клиникалық көріністерін көрсетпей өмір сүруге қабілетті. АПВ –мен ауыратын адамдардың көпшілігі олардың жұқтырғанын  білмейді, инфекция нәтижесінде аурудың белгілері немесе денсаулығына байланысты проблемалар болмайды. Кейбір адамдар жыныстық сүйелдер, кондиломалар және т.б пайда болған кезде АПВ-ның бар екенін түсінеді. Вирус зертханалық сараптама көмегімен анықталады. Сонымен қатар әйел адамдар арасында жатыр мойны обырының дамуына алып келуі мүмкін. 2024 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы» №11 қаулысы шыққан болатын. Қаулыға сәйкес аудан бойынша күні бүгін екпе жұмыстары жүргізілуде. Дәрігер вакцина салынбастан бұрын баланы емханада тексереді, екпе салғаннан кейін де 30 минут бақылайды. Екпені кез келген медициналық қызметкер  жүргізбейді. Жыл сайын аттестациядан өткізілген медбике екпені жүргізеді және арнайы екпе кабинетінде жүргізеді.
АПВ қарсы вакцинация дәрігердің қарап тексеруінен кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда  11 жасар қыз балаларға 6 ай аралықпен 2 дозада жүргізілетін болады. Вакцинация мектептерде, сонымен қатар тұрғылықты мекен-жайы бойынша екпе кабинеттерінде тегін негізде қабылдауға қол жетімді. АПВ қарсы вакцинация дәрігердің қарап тексеруінен кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі негізінде  жүргізіледі. Бұл аурудың арнайы емі жоқ. Ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз жолы- екпе салғызу. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше , мынандай кері әсерлер болуы мүмкін деп көрсетеді: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, қызару, ісіну, екпе салған жердің ауырсынуы. Вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға  ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау есресек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады. 
Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде АПВ қарсы екпе енгізілгендіктен, бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90 пайызға төмендеген. Қыз баласы-болашақ ана.   Сондықтан баламыздың денсаулығына бей -жай қарамайық. Яғни бұл қауіпті дерттен қорғанудың тиімді және қауіпсіз әдісі бұл вакцинация! 

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT