Елімізде коронавируспен ауырғандар азайып, сауыққандардың саны көбейіп келеді

Елде эпидахуал тұрақтанып келеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жариялады.

Онда Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің өз өңірлеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндағандығы айтылған. Әкімдер, ел Президентіне коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейгендігін жеткізіпті.

"Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды" делінген жазбада.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521