Елімізде соңғы тәулікте коронавирустан қанша адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 12 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 73 адам - коронавирустан, тағы 10 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 20 науқас. Шымкент қаласында - 9, Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында - 4, Маңғыстау, Қызылорда және Ақмола облыстарында - 2, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған.

Тек Түркістан және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521