Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 23 тамыздағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«23 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 369 263 адам, ал II компонентпен 5 013 064 адам вакцина салғызды»,- делінген хабарламада.
Вакцина салғызғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 840 844 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 680 997 адам екінші компонентін салдырған.
Екпе алудан екінші орында — Түркістан облысы. Өңірде 715 599 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 534 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы — 644 292 адам екпені бірінші бөлігін алса, 510 862 адам екінші бөлігін қабылдаған.
holanews.kz