Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900 жағдай анықталған

фото: интернеттен

Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселе қатерлі ісік аурулары, оның ішінде жатыр мойны обырының көбеюі алаңдатушылық туғызуда. Өздеріңізге белгілі, көп жылдардан бері обыр ауруы бүкіл адамзат үшін оның өмірі мен денсаулығына қатысты өте өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда обыр ауруларының негізгі бірнеше түрлері ішінде жатыр мойны обырының үлес салмағы жылдан-жылға артып келеді. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталып, 600-ден аса науқас әйел аурудан айыға алмай көз жұмуда. Қатерлі дертті тудырушы негізгі фактор-адам папилломавирусы.


Адам папиллома вирусы адамның терісін және шырышты қабаттарын зақымдайтын вирус түрі.  Қазіргі таңда аталған вирустың 200 астам түрі белгілі.14 астам түрі жоғарғы онкогенді қауіп тудырады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.
Бұл вирус көбіне терінің шырышты қабаттарында дамитындықтан ,обырмен асқыну қауіпі жоғары.Адам папиломма вирусы (АПВ) –өте кең таралған инфекция.
Бұл вирустың алғашқы белгілері барма?
Адам бұл вирусты жұқтырғанда, ол оның ағзасында ешқандай ауру белгілерін тудырмай тарала береді. Науқас өзінің қатерлі дертке шалдыққанын аурудың соңғы кезеңіне дейін білмей жүруі мүмкін. Сол себепті біз тұрғындарды екпе алуға, жыл сайын бір тексерістен өтуге шақырамыз.
Адам папиломма вирусының пайда болуына қандай жағдайлар себеп бола алады?
Ең басты себеп адам иммунитетінің төмендеуі. Бұл вирус адам ағзасында көбеюге бейім. Ол түрленген сайын түрлі аурулары тудырады. Әсіресе онкогенді дерттердің вирустары жылдам көбейеді. Сәйкесінше салдары адам өміріне қауіп төндіретін қатерлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. 
Вирус адамдар арасында қалай таралады?
Вирус тұрмыстық жанасу жолымен-қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар мен жыныс жолдары арқылы жұғады. Әсіресе вирус ылғалды ортада тез таралуға бейім. Тікелей бала туу кезінде, вирус анадан балаға босану жолдарымен өту кезінде беріледі. Сондықтан қоғамдық орындарда сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда мұқият болу қажет.
Бүгінгі таңда обыр ауруларының негізгі бірнеше түрлері ішінде жатыр мойны обырының үлес салмағы жылдан-жылға артып келеді. Вакцинация жатыр мойны обырының шалдығуына жол бермеудің бірден-бір тиімді құралы болып табылады. Бұл ғылыми практикалық түрде дәлелденген. Оған көп жылдардан бергі дамыған елдердің бағытталған іс-шараларының нәтижелері дәлел бола алады. Елімізде Үкімет қаулысына сәйкес жоспарлы профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізіміне 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді.
Бұл жас ДДҰ онкологтардың ұсынысына сәйкес таңдалды. Себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді болып, тұрақты иммунитет қалыптасады. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.
Денсаулық сақтау жүйесінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 25-44 жас аралығындаығ әйелдер арасында жиі кедесетін қатерлі ісік түрлерінің ішінде бұл дерт сүт безі обырынан кейінгі 2-ші орында. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Жыл сайын 600-ге жуық әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады. 
Басқа елдердің тәжірибесіне келсек, 2006 жылдан бері әлем бойынша Адам паиллома вирусына қарсы екпені 100 млн аса адам алған. ТМД еледрі бойынша адам паиллома вирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде күнтізбеге енгізіліп, қолдаылуда. Әлемнің 135 елі АПВ қарсы екпені күнтізбеге енгізген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда.
АПВ қарсы екпе жергілік емдеу мекемелерінң екпе кабинеттері арқылы тегін түрде жүргізіледі. Аталған екпе ата-ананың рұқсат қағазына қол қойылғаннан кейін ғана егіледі.
Бұл вакцинаны салғызу қаншалықты қауіпсіз және адам ағзасына тигізер әсері болмайма?
АПВ қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ. Оның құрамында ағзаға түскенде иммунитетті белсенді ететін жекелеген вирус ақуыздары бар. Өз кезегінде иммундық жүй жасушаларымен адам папиломма вирусымен күресуге бағытталған антиденелер өндіріледі. Осыған байланысты вакцина обырды тудыруға қабілетсіз. Керісінше ағзаны бұл вирусты тануына және онымен күрсеуіне ықпал етеді. Оған қоса АПВ вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне кері әсерін бермейді және бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін емес. Бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденен. 
Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізілгендіктен , бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90 пайыз төмендеген. Яғни бұл қауіпті дерттің алдын алатын жалғыз арнайы шарасы-екпе. Қыз бала-болашақ ана. Қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, қыздарымыздың денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауымыз қажет. 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасының басшысы  Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521