Емхана деңгейіндегі консультациялық - диагностикалық қызметтер саны 1,6 есеге өскен

Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын өсіп келеді.

2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды бір жарым есеге – өткен жылы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Еліміз бойынша 2022 жылдың 4 айында бейінді мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулер 97 млрд теңге сомасына көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

МӘМС жүйесін енгізу медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге республика көлемінде 2 трлн-нан астам теңге бағытталды, оның ішінде 852 млрд теңге – МӘМС-ке. Барлығы 2,2 трлн теңге. Бұл ретте 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды өткен жылғы 186 млрд теңгеден 283 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Қаржыландырудың өсуі-бір жарым есені құрады. 4 айда бейінді мамандардың 54,6 млн консультациясы мен диагностикалық зерттеулер 97 млрд теңге сомасына көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Оның ішінде қымбат тексерулер (КТ, МРТ, ПЭТ) бойынша – 510 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Атырау облысы бойынша 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз ету үшін 52 млрд теңгеден астам қаржы жоспарланған. Оның ішінде МӘМС пакетіне 20 млрд теңге қаржы жұмсау көзделіп отыр. Облыс бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға 9 млрд теңге жоспарланған.

«Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу кезіндегі өзекті мәселе ол бейінді мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдауға жіберу ұзақтығы болып табылады. Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық  күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық қызметтерді көрсетуге арналған Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасай отырып, жеткізуші оларды толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және қолжетімділік пен сапа үшін жауапты болады», – деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов атап өтті.

Бұл ретте, егер медициналық ұйымда бекітілген халыққа дербес және уақтылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол Қордың басқа да жеткізушілерінің қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Бүгінгі таңда базада 2000-нан астам әлеуетті орындаушылар бар.

Қаржыландырудың айтарлықтай өсуі есебінен жүйеге жаңа медициналық қызмет көрсетушілердің келуі қамтамасыз етіледі. Қормен шарт жасасқан 1 426 медициналық ұйымның 744-і (52%) жеке меншік нысанындағы клиникалар болып табылады. Атырау облысында Қор филиалымен шарт жасасқан 65 медициналық ұйымның 33 жеке меншік нысандағы клиниалар да 32 жеткізуші мемлекеттік медициналық ұйым болып табыладыү

Жеткізушілердің толық тізбесімен өңірлерге бөле отырып Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау», «Медициналық қызметтерді сатып алу» – «КДҚ қызметтерін жеткізушілер» бөлімдерінде танысуға болады.

Егер сұрақтарыңыз болса, Сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер Сізге сол жерде көмек көрсетілмесе, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика