Энергетикалық сусындардың негізгі қаупі қандай?

Энергетикалық сусындар құрамында кофеин, таурин, гуарана, қант және басқа да стимуляторлар бар, олар денеге уақытша күш-қуат береді. Алайда оларды шамамен тыс тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру мүмкін.

 Энергетикалық сусындардың негізгі қаупі:

  1. Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері:
  • Жүрек соғысын жиілетеді;
  • Қан қысымын жоғарылатады;
  • Жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін;
  1. Орталық жүйке жүйесіне әсері:
  • Ұйқының бұзылуы;
  • Қозғыштықтың жоғорлауы;
  • Стресті күшейтуі мүмкін;
  1. Асқазан-ішек жолдарына әсері:
  • Асқазан қышқылын арттырады, гастрит пен ойық жараның дамуына себепші болуы мүмкін;
  • Асқазанның тітіркенуін тудырады;
  1. Қант пен калорияның көптігі:
  • Семіздікке және қант диабетінің даму қаупіне әкелуі мүмкін;
  • Тіс эмалін зақымдайды;
  1. Тәуелділік қаупі:
  • Үнемі тұтыну кофеинге тәуелділікке әкелуі мүмкін;
  • Энергетикалық сусындарға дағдылану нәтижесінде табиғи энергия деңгейі төмендейді;

Кімдерге энергетикалық сусындарды тұтынуға болмайды?

  • Балалар мен жасөспірімдер;
  • Жүкті және емізулі әйелдер;
  • Жүрек – қан тамыр аурулары бар адамдар;
  • Гипертониямен ауыратындар;
  • Ұйқысыздық пен жүйке жүйесі проблемалары бар адамдар;

Қауіпсіз балама:

  • Табиғи шырындар мен морстар;
  • Жасыл шай немесе шөп шайлары;
  • Жеткілікті ұйқы және дұрыс тамақтану;
  • Дене белсенділігі мен таза ауада серуендеу.

 

 

Искакова А.С

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT