Энтеробиз және оның алдын алу шараларын білесіз бе?

фото: интернеттен

Энтеробиоз – бұл ішек гельминтозы,  ауруды ұсақ үшкір құрттар қоздырады. Ауру осы аурумен ауырған науқастардан сау адамдарға қарым-қатынас арқылы жұғады.

Әсіресе 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар арасында ауру жиі кездеседі. Энтеробиозбен ауырған балалардың іші ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, басы ауырып, көтеншегінің айналасында қышу мазалайды. Көбінесе ауру бала ұйқыда жатқан кезде, тыныштық кезінде сыртқы ортаға шығуды көздеп, баланың ұйқысының мазасын кетіреді. Аналық үшкір құрттар кешке және түнде тік ішектің айналасындағы тері қатпаршақтарында тәулігіне 12 мыңға дейін өз тұқымын тастайды. Құртты жұқтырған науқас тік ішектің айналасындағы қышудан мазасызданып, қасиды. Сонымен қатар құрттың жұмыртқалары қолдың тырнағының астына, іш киіміне, төсегіне жұғып, аурудың әрі қарай таралуына жағдай жасайды. Қолын жумағаннан ыдыстарға, ойыншықтарға, тамаққа жұқтырады. Одан әрі ауыз қуысына түсіп, сау адам ауруға шалдығады. Әрдайым науқастың қолы, ойыншықтары, төсек-орны, іш киімі, ыдыстары және басқа да тұтынатын тұрмыстық заттары залалсызданбағандықтан ауру өз өзіне жұқтырып, бірнеше жылға дейін үшкір құрттар адам ағзасында өмір сүруін жалғастыра береді. ​Науқас балалар ашушаң, түн ұйқысы бұзылғыш, ұмытшақ, тез шаршағыш, түнгі дәрет ұстамай, есінен танғыш келеді. Аллергиялық ауруларға бейім келеді. Ал қыз балалардың жыныс мүшелеріне үшкір құрттар (острицы) өрмелеп тұқымдайды. Осының салдарынан жыныс мүшесін қабындырады. «Энтеробиоз» диагнозын сүртінді тәсілімен тік ішектің айналасындағы терінің қатпарынан үшкір құрттың жұмыртқасын зертханалық тәсілмен тапқанда қояды. Үшкір құртты жоғары сапалы дәрімен емдеп қоймай науқастың және қарым-қатынаста болғандардың жеке басының тазалығын ұстау- басты мақсат. Баланың тырнағын өсірмей, күнделікті таңертең және кешке дәрет алуын қадағалап, таза жуылып үтіктелген іш киімін кигізу қажет.Үшкір құрттардың дамуының инкубациялық кезеңі 14-15 күн шамасында. Адам ағзасында 1 айға дейін өмір сүреді. Жоғарыда аталған шағымдар пайда болған жағдайда дер кезінде жергілікті емханаларға дәрігерлік көмекке жүгініп, аурудың алдын алу іс-шараларын орындау қажет. . Ауруға шалдығудың бір жолы –жуылмаған көкөністер мен жеміс- жидектерді жумай жеу және шала жуып жеуді әдетке айналдыру. Балалардың үлкен дәретін кез келген жерге тастамай, тек қана әжетханаға тастау керек.


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521