Эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді – Алексей Цой

Қазақстанда соңғы 3 апта бойы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануы байқалады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 18 тамызға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 708 379 және КВИ теріс нәтижемен 66 381 науқас тіркелген. Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта тұр. Қазақстанда соңғы 3 апта бойы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Бір аптада орташа есеппен шамамен 53 мың жағдай тіркеледі. 1 тамыздан бері коронавирус инфекциясының таралу индексі Қазақстанда 14 пайызға қысқарып, 1,11-ден 0,97-ге төмендеді»,- деді министр.

Оның дерегінше, инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 53, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 47 пайызды құрап отыр.

«Төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Ақтөбе облысында – 69, қызылорда облысында – 66, ал Алматы облысында 64 пайызды құрайды», - деді Алексей Цой.

inform.kz





 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521