Фаст-фуд-бұл семіздік пен қатар жүретін аурулардың дамуына әкелетін жоғары калориялы тағам

фото: интернеттен

Фаст-фуд – (ағылш. fast «жылдам» және «food» тамақ) тез тамақтану, тез әзірленетін тамақ өнімі. Фаст-фудтың негізгі тағамдарына гамбургерлер, сэндвичитер, хот-догтар, корн-догтар, донер-кебабы, құймақ, фри картобы, чипсы, ролл, суши жатады, бұл да жапондық фаст-фудтың бір түрі болып саналады.


Фаст-фуд көптеген балалардың сүйікті тағамы болып табылады. Балалардың көбі пайдалы тағамдарды тұтынғаннан гөрі жоғары калориялы, майлы тағамдарды жегенді жөн көреді. Әрине фаст-фуд жылдам дайындалады, әрі дәмді болады.
Кейбір балалар фаст-фуд қандай зиян тигізетінін және оны неге тұтынбау керектігін білмейді. Құрметті ата-аналар балаларыңыздың тұтынып жүрген фаст-фуд тағамының зияны туралы білесіздерме? 
Фаст-фуд-бұл семіздік пен қатар жүретін аурулардың дамуына әкелетін жоғары калориялы тағам. Фри картобы, гамбургер, кока-кола және десерттен тұратын күнделікті түскі ас құрамында 1000 астам ккал құрайды, бұл балалар мен жасөспірімдердің бір рет тамақтануынан да артады.
Фаст-фудтың құрамындағы трансмайлар бауыр, жүрек-тамыр жүйесі, эндокриндік жүйе проблемаларына әкеледі. Адамдар үшін трансмайлардың қауіпсіз мөлшері күнделікті рационның 1%-дан аспайды, ал фаст-фудтың құрамында осындай майлардың шамамен 40% бар.
Фаст-фуд құрамында ағзаға пайда әкелмейтін көптеген консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар бар. Сондай-ақ, қант пен тұздың артық мөлшері де пайдалы болмайды. Мұндай тағам тәуелділікті тудырады, оны тіпті ересектер де жеңе алмайды. Бұл тез дайындалатын тағамдарда кездесетін майлар мен қантқа байланысты. Фаст-фудты жиі жейтін балалар да тәттіге құмар болады. Баланы фаст-фудтан бас тартуға немесе оны тұтынуға шектеуге мәжбүрлемеңіз. Ол мұны не үшін істеп жатқаныңызды түсінбейді және жоғары калориялы гамбургерді кез келген жолмен алуға тырысады. Балаға көңіл бөліп, осы тағамнан неге бас тартқан жөн екенін түсіндіру ең дұрыс шешім болып табылады. Өйткені, балалық шақта сүйсіне тұтынатын гамбургер тағамы жүрек, асқазан және басқа да ішкі ағзалардың ауруларын тудыруы мүмкін деп ойлайтындар аз.


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT