Фортификация дегеніміз не?

 

Фортификация - тағамдарды адам ағзасына пайдалы дәрумендермен (витаминдер), минералдармен байыту поцессі.

Тағамдардың басым бөлігі технологиялық өңдеу нәтижесінде өзінің пайдалы қасиеттерін, микронутриенттерді, ең алдымен дәрумендер мен минералды  заттарды (А, В, С, Д тобы, темір, кальций, магний, йод, цинк, селен және басқалар) жоғалтады.

Адамның тамақ рационында фолий қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі анемия, жүрек-қан тамырлары ауруларына, ана мен бала өліміне себеп болуы мүмкін.

Дәрумендер мен минералдар алмастыруға келмейтін тағамдық заттарға жатады. Оларды қалпына келтірудің ең оңай тәсілі – фортификация (байыту). Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы дәне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 160-бабы 3-тармағында темір жетіспеушіліктің алдын-алу мақсатында ел аумағына сатылатын жоғарғы және бірінші сортты бидай ұнын құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдар және басқа да заттармен міндетті байыту (фортификациялау) көзделген.

Елімізде адамдар ақ ұннан дайындалған нан-тоқаш және макаронды өнімдерді аса көп тұтынады, оларды өндіру кезінде кебекпен бірге 75-90% дәрумендер мен минералдар жоғалады.

Микроэлементтердің жетіспеушілігін толықтырудың ең тиімді жолы күнделікті сұранысқа ие азық-түлік өнімдерін фортификациялау (фортификатталған ұн / нан және макарон өнімдері) болып табылады. Осы негізде елімізде ұн комбинаттары темір, мырыш, фолий қышқылы және дәрумендерді қамтитын дәрумендік-минералды кешенмен (премикс) ұнды байытады.

Байытылған  ұнды «Дәруменді-минералды қоспамен байытылған ұн» немесе «байытылған ұн» деген жазу арқылы айыруға болады. Тамақты пісіргенде және дайындағанда, байытылған  ұн 95% дейін қоректік заттарды сақтайды. Ұнды витаминді-минералды қоспалармен байыту үшін жауапкершілік ұн тарту кәсіпорындарына жүктелетінін атап өткен жөн.

Байытылған тамақ өніміндегі витаминдер мен минералдық заттардың құрамы байытылған өнімді тұтынудың әдеттегі деңгейі кезінде осы микронутриенттерге тәуліктік қажеттіліктің кемінде 10%-ын және 30%-нан аспайтын мөлшерін қанағаттандыру үшін жеткілікті деп есептеледі.

Ұнды витаминдермен және микроэлементтермен фортификациялау олардың тапшылығының дамуына жол бермейді, қалыпты дене және ақыл-ой еңбекке қабілеттілігін сақтауға ықпал етеді, халық арасында аурушаңдық пен өлім-жітім жайттарын азайтады.

 

 

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT