Фортификацияланған ұнның адам ағзасына пайдасы

Ұнды фортификацияялау дегеніміз-ұнды адам ағзасына қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту. Фортификация дегеніміз –ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды қосу процесі. 

Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары ,фолий қышқылы мен В тобының дәрумендері қосылады. Бұл өнімнің  сапасы мен қоректік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі-6 ай. 
Ұнды фортификациялау – теміртапшылықты анемияның алдын алудың әсерлі әрі қолжетімді шарасы.
Қазіргі таңда  денсаулық сақтау жүйесінің өзекті проблемаларының бірі  теміртапшылықты анемия. Теміртапшылықты анемия симптомдары – жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, дененің, еріннің бозаруы, тәбеттің жоқтығы, сезгіштіктің жоғалуы.
Анемияның алдын алудың үш негізгі тәсілі бар: фармокологиялық, тиімді тамақтану, және  негізгі азық- түліктердің темір қосындылары, дәруменді кешендермен фортификациялануы (байытылуы).
Тамақ рационында анемия, фолий қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларына , ана мен бала өліміне себеп болады. 
ТТА алдын алудың қарапайым, арзан әрі қолжетімді түрі - азық-түлік өнімдерін фортификациялау болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Заңнамасымен реттелген. «Халық денсаулығы  мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын бірінші және жоғары сұрыпты бидай ұнын темірқұрамды дәрумендермен, минералдармен басқа да заттармен міндетті түрде фортификациялануы жазылған. Бидай ұны фортицикациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн өзінің кең таралғандығы, әмбебаптылғы, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге жарамдылығының арқасында адам  ағзасын темір, фолий қышқылы және  дәрумендермен қамтамасыз ететін ең тиімді құрал болып табылады. Байытылу  процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады.
Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толықтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.
Өзіңізді және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темір және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды тұтыныңыз.


Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT