Фортификацияланған ұнның пайдасы неде?

фото: интернеттен

Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі – ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Мәселені шешудің маңызды әдістерінің бірі тек фортификацияланған ұнды сату болып табылады.


Фортификациялау (байыту) – бидайды ұнтақтау кезінде ұнға премикс деп аталатын витамин-минералды кешеннің аз мөлшерін енгізу процесі, бұл ұнның сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация процессі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады.  Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Осы себепте, бидай ұнының жоғары және бірінші сұрыптарын фортификациялау адам ағзасы үшін темір мен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру мәселесін шешуде қолайлы, тез және экономикалық жағынан тиімді. Бидай ұны фортификациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн дәрумендер мен темірдің қарапайым, арзан, қолжетімді түрі. Байытылу процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады. Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.
Өздеріңізді және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз. 
Дендеріңіз сау болсын!

 

 

Исатай аудандық 
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысының м.у.а Г.Б.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT