Генетикалық түрлендірілген ағзалар туралы не білеміз?

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсіндіреді:

Генетикалық түрлендірілген ағзалар – гендік инженерия әдістерімен басқа тірі ағзаның белгілі бір гендерін енгізу жолымен геномы жасанды және мақсатты түрде өзгертілген (модифицирленген) организмдер болып табылады. Бұл өзгерістер жаңа қасиеттері бар ағзаны алу үшін жасалады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдары үшін бұл зиянкестерге төзімділіктің жоғарылауына, сақтау мерзімінің ұзаруына және дәм қасиеттерінің жақсаруы үшін қолданылады. Трансгендік организмдер басқа түрдегі организмнің генетикалық материалы арқылы модификацияланған организмдер деп аталады, бұны табиғи айқасу арқылы алу мүмкін емес.

ГТА бар өнімдер 3 түрге бөлінеді:

  • генетикалық түрлендірілген ингредиенттері бар өнімдер (ГТИ) (мысалы, трансгенді жүгері немесе соя). Бұл ингредиенттер тамақ өнімдерінде қоспалар ретінде әрекет етеді және тәттілендіруге, құрылымдауға, бояуға қызмет етеді.
  • генетикалық түрлендірілген материалды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер (мысалы, соя сүті, чипсы, жүгері үлпектері).
  • трансгенді жемістер мен көкөністер.

Қазіргі уақытта генетикалық түрлендірілген дақылдардан алынған тамақ өнімдері күнделікті тағам секілді адам денсаулығына үлкен қауіп төндірмейді деген ғылыми консенсус бар, бірақ әрбір генетикалық түрлендірілген өнім енгізілгенге дейін жеке жағдайда сынақтан өтуі керек.

Кеден Одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық Регламентінің 2 бөлімінің 7 бабының 9 тармағына сәйкес  өсімдік, жануар және микробтық текті ГМО-дан алынған азық-түлік (тамақ) шикізатынан тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО желілері пайдаланылуы тиіс, егер дайындаушы тамақ өнімдерін өндіру кезінде ГМО-ны пайдаланбаған жағдайда, тамақ өнімдеріндегі ГМО-ның 0,9 пайызы және одан аз болуы кездейсоқ немесе техникалық тұрғыдан жойылмайтын қоспа болып табылады және мұндай тамақ өнімдері құрамында ГМО бар тамақ өнімдер қатарына  жатпайтындығы көрсетілген.

Сонымен қатар, Кедең Одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық Регламентінін 4 бабының 4.1 тармағына сәйкес Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалау тамақ өнімдерінде гендік түрлендірілген организмдерді қолдана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басқармаларымен өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде гендік-модификацияланған организмдері бар өнімдеріне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін, тамақ өнімдері таңбалануында жазылған ақпараттарға аса мән беруіміз қажет. Егерде өнім туралы ақпарат толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан  сұрауға болады және сатушы Сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, сіз бірінші көзге түскен тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.

Искакова Айгүл Сабырқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT