Грузияға індеттің төртінші толқыны төнді

Грузиядағы эпидахуал күрт ушығып, күніне екі жарым мың науқас анықталуда. Бұл осыған дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ балалар арасында коронавирусты жұқтыру жиілеп кеткен. Ауруханалар жеткіншектер үшін шұғыл түрде қосымша төсекорын дайындап жатыр. Грузияға індеттің төртінші толқыны төнді. Қазір 16 мыңнан аса адам коронавирусқа шалдыққан. Оның 5 проценті ауыр халде. Бұған қарамастан елде шектеулердің дені алынып тасталып, туристік маусым қызып тұр. Былтыр ішкі туризмнің кесірінен індет дендеп кетіп, бүкіл ел жарты жыл бойы қатаң локдаун тәртібінде өмір сүрді. Қазір де тура сол жағдайдың қайталану қаупі бар. Ауруханалардағы орындардың 75 процентінен астамы науқасқа толып кетті.

Тамар Габуния, Грузия денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Соңғы тәулікте 2616 науқас анықталды, саны өсіп келеді. Өкінішке орай, 26 адам көз жұмды. Әрине жағдай қиын, ауруханаларға келетін болсақ Тбилиси мен өзге өңірлерде ковидті емдейтін 5745 төсекорын дайын. Клиникаларда 4495 адам жатыр, оның 183-і жансақтау бөлімінде. 19 шілдеден бастап балалар мен жастар лагерьлері жабылды. Сонымен қатар тренинг, конференция мен семинарларға тек толық вакциналанған немесе 72 сағаттан аспайтын ПТР тест қорытындысы бар азаматтар бара алады.

Алайда мамандар шектеулерді одан да әрі күшейту керек дейді.

Амиран Гамкрелидзе, Грузия ауруларды бақылау орталығының жетекшісі:

– Бүгінде біз 17 мамырда індеттің үшінші толқыны өршіген кездегі жағдайдамыз. Бүкіл көрсеткіш бойынша қызыл аймаққа ендік. Осыған дейін Джонс Хопкинс картасында қызғылт аймақта болған едік. Ел басшылығы мен дәрігерлер тұрғындарды вакциналануға үгіттеп жатыр. Алайда мұнда да қиындықтар бар. Жақында елге жеткізілген «Пфайзер» препаратына сұраныс жоғары. Бірақ бәріне бірдей жетпейді. Кейде екпе салдыруға жазылу тіптен мүмкін емес. Вакциналау көрсеткіші бойынша Грузия Еуропада соңғы орында тұр. Оның үстіне елде балалар коронавируспен жиі ауыратын болды. Дельта штамы да тез тарап келеді. Грузиядағы жағдайға қарап, БҰҰ ел басшылығын шұғыл түрде шектеулерді күшейтіп, маска тағуды міндеттеуге шақырды. FacebookWhatsAppTelegramVKMail.RuOdnoklassnikiTwitter Жазба навигациясыИранда локдаун енгізілдіӨзін-өзі емдеудің салдары өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуға жеткізеді – елордалық инфекционист Related Posts

stopcoronavirus.kz

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика