Иерсиниоз Деген не?

 

  Иерсиниоз - инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолменберілетін өткір зоонозды жұқпалы ауру.

Ол асқазан-ішекжолдарын, буындарды зақымдаумен қатар, тірек-қимыл жүйесіне, бауырға, лимфа түйіндеріне және жүрекке әсер етеді.  

 Инфекцияның негізгі берілу жолы – тамақ арқылы. Иерсениоз инфекциясымен ауырған адамдардың негізгі жұқтыру себебі - жануарлардан алынатын әсіресе пастерленбеген шикі сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт, май өнімдері. Сонымен қатар жуылмаған көкөністер мен  жемістерді пайдаланғаннан да болу мүмкін.

  Микробтар әртүрлі тағам өнімдерінде +4 - +8°С температурадаұзақ уақыт бойы сақталып, көбейе алады. Табиғаттағыжұқпалардың көзі ұсақ кеміргіштер, сондай-ақ өткір ауруғашалдыққан немесе қоздырғышты шығарушы сиырлар мен ұсақмалдар болып табылады.  Иерсиниозбен кез келген жаста ауруымүмкін, бірақ көбінесе 1-3 жастағы балаларда кездеседі. Аурудыңинкубациялық кезеңі 1-ден 6 күнге дейін созылады. Иерсиниозжедел басталып, онда қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттермен буындардағы ауырсыну, ұйқысыздық, тамақтың ауыруы, тәбеттің төмендеуі байқалады, Көбінесе іштің ауыруы, жүрекайнуы, құсу, іш өту сияқты асқазан-ішек жолдарының зақымданубелгілерімен басталады. Дене қызуы кейде 38-40°С дейінкөтеріледіАурудың асқынуы 2-ші немесе 3-ші аптада жиібайқалады. Оларға аллергиялық экзантема (есекжем, түйіндікэритема), Квинке ісінуі, артрит (негізінен ірі буындар), миокардит, уретрит, конъюнктивит, аппендицит жатады. Иерсиониоз, жоғарыда аталған белгілерден басқа, қан мен нәжістің бактериологиялық зерттеулері негізінде диагноз қойылады. Ауруды асқындырмау үшін, дер кезінде дәрігергеқаралу керек

  Иерсиниоздың алдын алу мақсатында келесідей ұсынымдарберіледі:

- қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық ережелердісақтау, яғни тамақ өнімдерін дайындағанда, әсіресе көкөністермен жемістерді және т.б. өнімдердің пісіру технологиясы мен сақталу мерзімі бұзылмауы қажет;

- науқастарды және иерсиниозды тасымалдаушыларды дер кезінде анықтау, үй-жайларды дезинфекциялау;

- мал шаруашылығы азық-түліктерін қолданар алдындатермиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді мұқиятжуу керек.

 

 


Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT