Иммундау апталығы өз жұмысын жүргізуде

 

2025 жылдың 27-сәуірінен бастап 3 мамыр аралығында Дүниежүзілік денсаулық сактау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының  ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді. 

Иммундау апталығы бір мезгілде барлық елдерде өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық, сақтау ұйымы аталған іс шараны 2005 жылдан бастап жүргізіп келеді, шараның негізгі міндеті - тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару.
Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соныңда тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі.

Бұл науқан халықтың жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.

Иммундау жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады және бұл жағдайды сақтап қалу қажет. Аталған науқанды өткізуге денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары тартылатын болады.

Балаларын иммундаудан бас тартқан ата-аналармен, халықтың қол жеткізу қиын топтарымен жұмыс істеуге, білім беру мекемелерінде иммундауды насихаттауға ерекше назар аударылады.

Адамдарды амбулаториялық - емханалық ұйымдарға шақырумен, жұқпалы ауруларға қарсы егуге жататын халыққа иммундауды белсенді жүргізу ұйымдастырылуда.

Еуропалық иммундау апталығының түпкі мақсаты - көптеген адамдар мен қоғамды вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғау және ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы күресу.

Мақсат: аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мемлекеттік органдарды, ведомстволарды, аудан ұйымдарын Еуропалық иммундау апталығының іс-шараларына белсенді қатысуға шақырады.
Иммундау халықтың барлық топтары үшін қолжетімді және тегін!!!

ВАКЦИНАЦИЯ - БАЛАЛАР МЕН БАРША ТҰРҒЫНДАРДЫ БІРҚАТАР ИНФЕКЦИЯЛАРДАН ҚОРҒАУДЫҢ ЕҢ СЕНІМДІ ӘДІСІ!

 

 

Г.Б.Бисенбай

Исатай аудандық СЭББ басшысының м.у.а 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT